Ғасыр жасаған абыз қарияның батасы – ел үшін үлкен өнеге, кейінгі ұрпаққа тағылым. Халық ата жиналған көпшілікке ел тыныштығын, бірлігін, берекесін тілеп, ел болашағы жарқын болсын деген ізгі ниетін білдірді.
Ел тұрғындары референдумда ерекше белсенділік танытып жатыр
Айта кетейік, аудан тұрғындарының референдумға қатысу белсенділігі өте жоғары деңгейде. Таңғы сағаттардан бастап тұрғындар өз таңдауларын жасау үшін учаскелерге келіп, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетіп жатыр.
«Ел дауысы» қорының бақылаушылары сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі болып келді