Индер ауданының Өрлік ауылында жасы 100-ден асқан әже тұрады. Аты-жөні – Мәншүк Мұқанқызы. Ол бүгін референдумда үйінде дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәншүк Мұқанқызы 1925 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Он төрт жасында білім алу үшін Атырау қаласында тұратын нағашысына келген. 1947 жылдың 24 шілдесінде Сәлім Байдешов деген азаматқа тұрмысқа шыққан. Ал 1991 жылдан бері Өрлік ауылында тұрады.
Алматыда «Бүркіт» референдумда өз таңдауын жасады
Бүгін ғасырдан да ұзақ өмір сүрген әженің үйіне мобильді топ дауыс беру жәшігін әкелді. Мәншүк Мұқанқызы референдумда дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
Референдум учаскесіне келген ертегі кейіпкерлері ел назарын аударды
«Еліміз өркендей берсін. Жастар жоғары білім алып, саналы болып өссін», дейді кейуана.