Қазақстан билігі жұмыс орнындағы харассмент үшін жауапкершілікті заң жүзінде бекітуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, еңбек ұжымдарындағы қысым көрсету, қудалау және жайсыз атмосфераға қатысты нақты жағдайлар мен шағымдар тіркеліп жатыр. Сондықтан қызметкерлердің құқығын қорғау және жұмыс орнында қауіпсіз орта қалыптастыру министрліктің басты бағыттарының бірі болмақ.
Қазір мемлекеттік органдар харассмент ұғымының құқықтық анықтамасын әзірлеп, оны заңнамаға енгізу мәселесін талқылап жатыр. Осыдан кейін нақты қандай жаза қолданылатыны қарастырылады.
Айта кетейік, соңғы уақытта қоғамда әйелдердің қауіпсіздігі мен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі жиі көтеріліп жүр. Мәселен, Алматы полициясының мәліметінше, сәуір айында отбасылық зорлық-зомбылық істері бойынша 3 мыңнан астам адам профилактикалық есепке алынған.
Айта кетейік, Сенат депутаттары жұмысшының жалақысын сақтай отырып, үш күнге жұмыстан босатылып, скринингке баруға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады.
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады.