• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

285 рет
көрсетілді

2015 жылғы 27 ақпан   № 6/263  Астана қаласы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы 41-бабының 2-тарма­ғына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақ­стан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конститу­ция­лық заңының 54-бабына, «Қазақстан Республикасының Консти­туциясы 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақ­стан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 9/2 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия осы қаулыға қосымшаға сай құрамда құрылсын. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияны құру туралы» 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/25, «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/25 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2011 жылғы 7 ақпандағы № 17/25 қаулыларының күші жойылды деп танылсын. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Төраға     Қ.Тұрғанқұлов Хатшы         Б.Мелдешов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 6/263 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның құрамы вавапвапвапвапвап Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы  – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситеті түркітану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша), төраға; Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетінің қазақ тілі теориясы мен әдіс­темесі кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА мү­ше-корреспонденті, Халықаралық Ресей педа­гогикалық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы (келісім бойынша), хатшы; Қамзабекұлы Дихан – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің проректоры, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); ҚасқабасовСейіт Асқарұлы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің қазақ әдебиеті кафед­ра­сының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі (келісім бойынша); ҚұрманбайГүлтас Сайынқызы – Назарбаев Университеті қазақ тілі, әдебиеті және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша). сурет : http://pavlodarnews.kz