• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:05

Қосшыда 10 жастағы бала суға батып кетті

Ақмола облысында тыйым салынған аумаққа шомылуға барған он жастағы бала суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 маусым күні Қосшы қаласында болған. Нұра-Есіл каналында досымен бірге шомылуға барған 10 жастағы бала суға батып кеткен.

Мамандардың айтуынша, аумақта суға түсуге тыйым салынған белгілер орнатылған.

«Астана қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының күшімен баланың денесі табылып, судан шығарылды», деді Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Жаз келісімен су айдындарында балалар өлімі жиілеп барады. Апта ішінде дәл осындай қайғылы жағдай Қостанай мен Қарағанды облыстарында тіркеліп еді. Сол себепті құтқарушылар ата-аналарға балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар