• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:40

Қырғызстан экс-премьерінің ұлы Алматыда тергеу изоляторында отыр

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсеновтің ұлы Урмат Үсенов Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Урмат Үсенов пен үш адам заңсыз кальян темекісін сату және заңсыз кәсіпкерлік жүргізу ісі бойынша күдікті ретінде танылған. Күдіктілер арасында екі Қырғызстан азаматымен бірге Қазақстан азаматы да бар бар.

Тергеу органдары оларға Қазақстан Қылмыстық кодексінің 214-бабы («заңсыз кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру») және 264-бабы («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру») бойынша айып тағып отыр. Тергеу деректеріне сәйкес, келтірілген залал көлемі шамамен 26 миллион теңгені құрайды. Тексеру барысында құны 46 миллион теңгеден асатын 1,6 тоннадан астам кальян темекісі тәркіленген.

Алматы соты 10 наурызда күдіктілерді екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарған.

Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі атанды

Айта кетейік, Данияр Үсенов 2009-2010 жылдары Қырғызстанның 14-премьер-министрі болған. 2010 жылғы билік ауысымынан кейін ол елден кетіп, кейін сырттай сотталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиев пен басқа жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік төңкеріс жасау айыптарымен жабық сот процесі өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар