Атырауда үш күн бойы тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан арықтағы су арнасынан асып, тұрғын үйлердің ауласына жайылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Толассыз жауған ақ жауын көлік қозғалысын қиындатып, мектептер мен балабақшалардың аумағына жайылған. Қала әкімдігінің мәліметінше, шаһарда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшірілген. Қазір 40-тан астам техника тәулік бойы су сору және тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Үш күн ішінде 27 миллиметр жауын-шашын түсті. Бұл маусым айындағы орташа айлық норманың 158 пайызына тең. Қазіргі уақытта негізгі көшелерде, арық жүйесінде, әлеуметтік нысандар аумағында және «109» байланыс орталығына түскен өтініштер бойынша жұмыстар атқарылып жатыр», деді Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Еркеназ Қалижан.
Найзағай мен қатты жел: Бүгін ауа райы қандай болады?
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» мамандары мамыр айының соңында елдің батысында жаңбыр жауатынын хабарлаған еді.