• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:15

Петропавлда жасөспірімге шабуыл жасаған ер адамның ісі қайта қаралады

Петропавл қаласында жасөспірімге шабуыл жасағаны үшін сотталған жергілікті тұрғынға қатысты үкім апелляциялық тәртіппен қайта қаралады. Сот отырысы 9 маусымға белгіленіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық сот 20 сәуірде қарумен шабуыл жасаған ер адамға қатысты үкім шығарған. Оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Іс материалдарына сәйкес, оқиға 2025 жылғы 22 қарашада болған. Ер адам Instagram желісінен өзінің қатысуымен түсірілген бейнероликті көрген. Видеода оның иттерді дөрекі әрі агрессивті түрде үйретіп жатқаны көрсетілген. Жазба астында әлеуметтік желі қолданушылары балағат сөздер мен қорлайтын пікірлер қалдырған.

Жасөспірімдер трагедиясы қоғамды ойландырып тұр

Сотталушы аталған жарияланымға бейтаныс жасөспірімнің қатысы бар деп ойлаған.

Сот қаулысында көрсетілгендей, мас күйде болған ер адам аулаға шығып, сол жерде жүрген екі кәмелетке толмаған баланың біріне шабуыл жасаған.

«Ер адам жәбірленушіні құлатып, бетіне пышаққа ұқсас затты тақап, оң жақ бет тұсына жарақат салған. Жасөспірімдер қарсылық көрсетіп, қашып құтылған», делінген құжатта.

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Оның айтуынша, ол кесетін затты өзін қорғау мақсатында алған, ал жасөспірімді абайсызда жарақаттап алғанын мәлімдеген.

Қорғаушы тарап оның әрекетін денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бабына қайта саралауды сұрады.

Алайда сот бұл уәждермен келіспей, ер адамды нақты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Атырауда жасөспірімдер 14 жастағы оқушыны бірнеше сағат бойы ұрып-соққан

Соңғы жаңалықтар