• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 14:13

Шымкентте лицензиясыз жасалған отадан кейін пациент бір көзінен айырылды

Шымкент қаласында заңсыз медициналық қызмет көрсетіп, блефаропластика операциясын жасаған әйелге қатысты сот процесі өтті. Операциядан кейін пациенттің бір көзі көрмей қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушының медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы да, тиісті сертификаты да болмаған. Соған қарамастан ол өзін маман ретінде таныстырып, төменгі қабаққа блефаропластика жасайтынын айтқан. Операция үшін ол пациенттен 100 мың теңге алған. Бұған дейін жәбірленуші оның көмегіне жүгініп, құлақ қалқанын түзету (отопластика) операциясын да жасатқан.

«2025 жылдың сәуір айында ол алғаш рет медициналық клиникаға барып, айыпталушымен жеке танысқан. Әңгіме барысында ол айыпталушыда диплом мен тиісті сертификаттардың бар-жоғын сұраған. Бұған жауап ретінде айыпталушы ауызша түрде өзінің жоғары медициналық білімі мен қажетті сертификаттары бар екенін айтқан», делінген сот хабарламасында.

Экс-депутатқа косметикалық ота жасаған клиникадан заңбұзушылықтар анықталды

Тексеру нәтижесінде айыпталушы өз кінәсін мойындады. Сондай-ақ ол кәмелетке толмаған екі баласы бар екенін айтып, жеңіл жаза сұрады. Сот оны 1,5 жыл бас бостандығынан айырып, медициналық қызметпен айналысуға 3 жылға тыйым салды. Сондай-ақ кінәліге 5 млн теңге моральдық өтемақы және 369 мың теңге емделу шығындарын өтеу міндеттелді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы жеке клиникада липосакциядан кейін блогер әрі кәсіпкер Сәуле Ермаханова қайтыс болған еді.

Соңғы жаңалықтар