• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 13:15

Президент: Нағыз отаншыл адам ел мүддесі үшін табанды еңбек етеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын рәміздердің айрықша мәнге ие екендігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстанның өркениетті әрі озық ойлы ұлт ретінде өзіне сенімді болуы керектігін жеткізді.

«Біз өркениетті әрі озық ойлы ұлт ретінде өзімізге сенімді болуымыз керек. Ешкімге жалтақтамай батыл әрекет етуіміз қажет. Бұдан басқа жол жоқ. Мақсаты айқын, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мемлекет тағдырына жауапты екенін терең түсінеді. Олар еріктілер қатарына қосылып, қайырымдылық жасап, маңызды бастамаларды табысты іске асырып жүр. Нағыз отаншыл адам көзбояушылыққа бармайды, шын патриот ел мүддесі үшін табанды еңбек етеді. Жасампаз отаншылдық дегеніміз де – осы», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы: Тәуелсіздіктің 35 жылдығын нақты нәтижелермен қарсы алуымыз керек

Президент мемлекет үшін қысқа мерзімді емес, ұзақ мерзімді даму маңызды екенін айтты.

«Мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды. Сондықтан біз Абайдың ұлағатына сай «ақырын жүріп, анық басамыз». Ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, алысқа көз тігеміз. Төл тарихымызға құрметпен қарап, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға баса назар аударамыз. Бұл бағытта белсенді жұмыс істелуде. Жошы хан жерленген Ұлытау аймағына облыс мәртебесі берілді. Елімізде Жошы ұлысын зерттеу институты құрылды. Біз бұл мекеменің ғылыми әлеуетін күшейте береміз. Көп ұзамай Қазақстан тарихының жеті томдық академиялық еңбегі жарыққа шығады. Оның бір томы түгелдей Алтын Орда тақырыбына арналды», деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін елімізде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтіп жатыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын рәміздер 1992 жылғы 4 маусымда ресми түрде бекітілді.

Соңғы жаңалықтар