• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:50

Алматы облысында мектеп ғимаратын жөндеуге мұғалімдер тартылған ба? Тексеріс қорытындысы жарияланды

Алматы облысының Қарасай ауданы әкімдігі ауыл мектебі мұғалімдерінің ғимаратты жөндеу жұмыстарына тартылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Тексеру қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Педагогтер әлеуметтік желілерде шағым қалдырған. Сондай-ақ олар сыныптарға қажетті материалдарды өз қаражаттарына сатып алатынын, ал мектеп штатында іс жүзінде жұмыс істемейтін мұғалім тіркелгенін айтқан. Олардың сөзінше, кезекші қызметкерлерді таңғы сағат 7:00-де жұмысқа келуге және кешкі 18:30-дан ерте кетпеуге мәжбүрлеген.

Әкімдік аудандық білім бөлімі тексеру жүргізгенін мәлімдеді.

«Педагогтерді олардың кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмыстарға тарту, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын мәжбүрлеп орындату фактілері расталмады. Бейнеде көрсетілген жұмыстар 26-29 мамыр аралығында ауыл тұрғынының көрсеткен демеушілік көмегі аясында жүргізілген. Мектептің спорт залында радиаторларға қорғаныш торлар орнатылды. Бұл жұмыстарға дәнекерлеушілер тартылған», делінген хабарламада.

Әкімдік еңбек тәртібінің бұзылуы және штаттағы «өлі жандардың» болуы туралы мәліметтердің де расталмағанын хабарлады.

Мектеп мұғалімдері енді өз оқушыларына ақылы сабақ өте алмайды

Қазір мектепте 166 педагог жұмыс істейді. Олардың 133-і 1 маусымнан бастап жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шыққан, ал қалған 33 педагог 1 шілдеден бастап демалысқа шығады.

Мемлекеттік орган жағдайды жан-жақты әрі объективті зерттеу үшін мұғалімдер арасында анонимді сауалнама жүргізгенін атап өтті. Сауалнама нәтижесінде еңбек заңнамасының және қызметкерлер құқықтарының бұзылу фактілері анықталмаған.

Енді мұғалім оқушыға тек сабақ кезінде жауапты: Мәжіліс жаңа заңды мақұлдады

Соңғы жаңалықтар