Атырау облысында бірнеше адамның өліміне кінәлі деп танылған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгінгі сот отырысында айыпталушыға қатысты жаңа видео дәлел көрсетілді. Кадрларда Сұлтан Сәрсемәлиевтің ломбардқа алтын бұйымдарды өткізіп жатқан сәті бейнеленген.
Іс материалдарына сәйкес, Сұлтан Сәрсемәлиев әйелінің ата-анасы мен туыстарына қатысты ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиға отбасылық жанжалдан кейін болған.
Сәрсемалиев ісі: Прокурор қылмыстың қалай жасалғанын айтып берді
Бұған дейін сот барысында айыпталушы кейбір эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындағанымен, айыптаудың бірқатар тармақтарымен келіспейтінін жеткізді.
Сондай-ақ, бүгінгі сот отырысында Қарабалиндер отбасының малын баққан тұрғын куәлік берді.