• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2015

Ислам Бозбаев – «Гран-при» сайысының қола жүлдегері!

460 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 наурыз. Түркияның Самсун қаласында дзюдодан «Гран-при» жарысы аяқталды. Бұл сында Қазақстаннан барған палуандар тек бір қола медальді қанағат тұтты. Қоржынға жалғыз жүлдені салған – Ислам Бозбаев (90 кг.). Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Ислам алғашқы белдесуін Ирактан келген Шиһаб Алкураишиге қарсы өткізді. Оны жеңгеннен кейін, Нидерланды сенім артқан Гиллеим Элмондпен күш сынасты. Бұл жолы да қазақ дзюдошысының мерейі үстем болды. Ал ширек финалдық белдесуде Сербия палуаны Александр Куколджге есе жіберді. Сербиялық жартылай финалда да жеңіске жетіп, біздің палуан жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Аталған сында Словакияның Милан Рандль есімді спортшысын жеңді. Ал қола медальға таласта Израильден келген Ли Кошманнан басым түсті. Ислам Бозбаев 2010 жылы Қытайдың Гуанжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында күміс жүлде олжалағанын айта кетейік. Сондай-ақ, 2012 жылғы Лондон олимпиадасына қатысқан тәжірибелі дзюдошы. Әйтсе де, 2013 жылы алған ауыр жарақатына байланысты біраз уақыт жарыстарға қатысқан жоқ. Бұл «Гран-при» Ислам үшін осы маусымдағы алғашқы сайыс. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: judoinfo.kiev.ua.