• RUB:
    6.14
  • USD:
    480.72
  • EUR:
    548.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 08:39

Әлем чемпионаты: Мексика және Эквадор матчы кеш басталды

ФИФА Мехикодағы «Ацтека» стадионы маңында найзағай соғу қаупіне байланысты Мексика мен Эквадор құрамалары арасындағы матчтің басталуы 1 сағатқа шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Матч жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де басталуы керек болған, футболшылар алаңға жаттығу жасауға ойынның жоспарланған уақытынан кешірек шықты.

«Мехикодағы қолайсыз ауа райына, соның ішінде стадион маңындағы найзағай қаупіне байланысты футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Мексика мен Эквадор құрамалары арасындағы матчтің басталуы жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге ауыстырылды», делінген хабарламада.

ФИФА барлық қатысушы мен көрерменнің қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтіп, жанкүйерлерге түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.

Еске салайық, бұған дейін әлем чемпионатының 1/16 финалында Норвегия құрамасы Кот-д'Ивуарды 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алған еді.

Соңғы жаңалықтар