АСТАНА. 30 маусым. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар тағайындаулар болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен босатылды;
Азамат Құрманбекұлы Әбдімомынов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды;
Саидмұрат Бапанұлы Тәңірберген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды;
Талғат Жеңісұлы Жанжүменов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды;
Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.