Солтүстік Батыс жарты шардағы Гренландия мұзды аралындағы Якобсхавн деп аталатын мұздықтан орасан зор мұзтау бөлініп шықты.
Қазір айсберг Дэйвис бұғазы мен Атлант мұхиты бағытына қарай жүзіп келеді. Бөлініп шыққан мұзды жыныстың жалпы алаңы 12,5 шаршы шақырым ауданды құрайды. Сарапшылардың айтуларынша, бұл мұзтаудың көшкіні көрінеді. Оның көлемі Манхэттенді 300 метрге жуық қалыңдықпен басып қалуға жарайды екен.
Ғалымдар Якобсхавн мұздығы бір бөлігінің бөлініп қалғанын НАСА-ның Жердің жоғарғы қабатын әртүрлі ендіктер мен спектр диапазондарында суретке түсіру жөніндегі жобасы – Landsat спутниктері бірінің көмегімен байқаған болып шықты.
Қайрат ҚҰЛЫМБЕТ.