• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Мамыр, 2015

«Нұрлы Жол» – «Бір белдеу – бір жол»

373 рет
көрсетілді

Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов ҚХР Бүкілқытайлық Халықтық-саяси консуль­тативтік кеңесі төрағасының орынбасары Ван Чжэн­вэймен кездесті. Қ.Жақыпов пен Ван Чжэнвей қос мемлекет басшыларының достық қа­рым-қатынасы арқасында екіжақты өзара іс-қи­мылдың қарқынды дамып келе жатқанын сөз етті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Кездесу иелерінің пікірінше, Қазақстан Президентінің «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен ҚХР Төрағасының «Бір белдеу – бір жол» бастамасы ұзақ мерзімді өзара іс-қимылдың жарқын болашағының ортақ көрінісі. Ван Чжэнвей, сондай-ақ, Жібек жолының экономикалық белдеуін құру туралы ҚХР Төрағасы бастамасына біздің еліміздің көрсеткен қолдауын атап өтті. Қабиболла Жақыпов мәртебелі мейманға Қазақстан Президентінің 5 институттық реформасы мен оны орындаудың «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары туралы және осы маңызды бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қолдау туралы баяндап берді. Жүздесу кезінде екі елдің трансшекаралық су ресурстары саласындағы ынтымақтастық мәселелері де назардан тыс қалмады. Қабиболла Жақыпов әзірленіп жатқан су бөлу туралы үкіметаралық келісімнің екі елдің мүддесіне қызмет ететініне сенім білдірді. Мәжіліс Төрағасы еліміздің ҚХА және ҚХР Мемлекеттік ұлттар ісі жөніндегі комитеті арасында байланыс орнатуға деген қызығушылығын да атап өтті. Ван Чжэнвэй Қытай елінің ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге дайын екенін жеткізді. Сурет: http://munara.kz/