Страсбург қаласында (Франция) Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) сессиясы аясында Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы ЕКПА Төрағасы М.Чавушоғлымен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Парламенті мен ЕКПА арасындағы өзара іс-қимылдың қарқындылығын атап өте келіп, парламенттік үнқатысу институттары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайын сөз етті.