• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2010

Сот шешімі заңды

654 рет
көрсетілді

Жазылған жайдың жауабы “Егемен Қазақстан” газетінде ағымдағы жылдың 17 та­мызында жарияланған “Жұмыс бола тұра ұсынбағаны қалай?” атты ма­қа­лаға орай С.Айсиннің жұмысқа қай­та ор­наластыру туралы аза­мат­тық ісі бойынша қабылданған сот актілерінің заңдылығы қайта тексеру арқылы мұқият қаралды. Іс құжаттарына қарағанда, С.Айсин Ресей Фе­де­рациясы темір жолының құрамына кіретін “Оң­түс­тік Орал темір жолы” кә­сіп­ор­нының Петухово дистан­ция­сының жол жөндеушісі болып жұмыс істеген. 2007 жылдың 8 та­мызында жыл сайынғы меди­ци­на­­лық қарау кезінде ол атқарып жүрген жұ­мысқа жарамсыз деп танылған. Осыған сәйкес, 2007 жылдың 24 тамызында онымен еңбек шар­тын бұзу туралы бұйрық шы­ғарылған. Ресей Федерация­сы­ның Еңбек кодексінің 392-ба­бы­ның 1-тармағында жұмыстан шы­ғару туралы дау бойынша талап арыз бұйрықтың көшірмесі не­ме­се еңбек кітапшасы қызметкерге берілгеннен кейін бір ай мерзім ішінде сотқа енгізіледі деп көр­сетілген. Ал С.Айсин болса талап арызын сотқа аталған мерзім өтіп кеткен соң, яғни, 2008 жылдың 23 желтоқсанында берген. Сондай-ақ, азаматтық істі қарау бары­сында, оның жұмыстан шығару туралы бұйрықпен 2007 жылдың 27 тамызында танысып, бірақ оған қол қоймағаны және сол жылдың 20 қарашасында еңбек кітапшасын алудан жазбаша түрде бас тартқаны анықталды. Ол бірінші сатыдағы сотқа арыз беру мерзімін өткізіп алу себептерін дәлелдеп, оны қалпына келтіру жөнінде өтініш те жасамаған. Мұндай жағдайда, арыз ие­сі­нің жұмысқа қайта орналастыру жөнін­дегі талап-арызын қанағат­тан­дырусыз қалдыру туралы сот­тың ше­шімі заңды, прокурорлық қадағалау шараларын қолдануға негіз жоқ. С.Айсиннен Бас проку­ра­ту­раға бұған дейін де бірнеше рет арыз ке­ліп түскен, олар да мұқият қаралып, тиісті жауабы берілген болатын. Қ.МӘМИ, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры.