Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады аталмыш қордың баспасөз қызметі.
Отырыста Қорды 2020 жылға дейін дамыту стратегиясының жобасы активтердің мақсатты құрылымдарын белгілеу, портфельді компаниялардың даму басымдықтарын, сол сияқты олардың қор рыноктарына шығуын айқындау бөліктері тұрғысында қаралды. Оның сыртында Қордың 2010-2014 жылдардағы үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу мәселелері де талқыланды.