• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2010

Жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашағымыздың көкжиегі

604 рет
көрсетілді

“Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі­не арналған “ЕҚЫҰ және ТМД: жаңа мүмкін­дік­тер мен перспективалар”, – деген тақырып­пен халықаралық парламенттік конференция Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрамындағы ұлттық парламенттері өкілдерінің және әлемнің өзге елдерінің көрнекті саясат­кер­лері мен ғалымдарының қатысуымен үсті­міздегі жылы қазанның 28-і күніне белгіленіп отыр. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі – мемлекетіміздің бұрынғы кеңестік құрамда бол­ған елдермен стратегиялық әріптестік орна­тудың жаңа деңгейге көтерілуіне және дүние жүзі­нің барлық елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет ретінде байланыс жасауына жол ашып отыр. Аталған форум рухани және қоғамдық келісімді сақтау, қауіпсіздікті нығайту және ядро­лық қауіп-қатерді болдырмау жөніндегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып отырған, ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы ретінде Қазақстанның бейбіт өмір сүру саясатын әлемдік қоғамдастық өкілдеріне таныстыру мақсатын көздейді. Бүгінгі күні ЕҚЫҰ – әлемдік деңгейдегі халықаралық мәселелерді шешуге консуль­татив­тік кеңес беретін дүние жүзінде өзіндік орны бар халықаралық ұйым. Ұйымның құ­рамына Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістікте орналасқан Солтүстік Американың, Еуропаның, Солтүстік Кавказ бен Орталық Азияның 56 мемлекеті кіреді. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі халықаралық ұйымға төраға­лық етуі – тек ТМД елдері үшін ғана емес, барша қалыптасып келе жатқан еуразиялық мем­лекеттер үшін де елеулі мәртебелі белес. Сон­дықтан да біз Елбасымыз Нұрсұлтан На­зар­баевтың сындарлы да сарабдал саясатының арқасында халықаралық деңгейде еліміздің беделінің әлем қауымдастығы алдында арта түскені деп білеміз. Бүгін әлемдік қауымдастықтың назары Астананың осы тұғырлы тақтағы жасап жатқан саяси қадамдарына шоғырлануда. Ел Президенті 2010 жылдың қаңтарында ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесіне жасаған өзінің бейне жолдауында қазақстандық төрағалықтың басты басымдығы ретінде осы жылы Астанада Саммит өткізуді белгіледі. Үстіміздегі жылдың 3 тамызында Саммит өткізу туралы шешім Ұйымға қатысушы елдер Сыртқы істер министрлерінің кеңесімен бір­ауыз­дан мақұлданды, бұл халықаралық қоғам­дастықтың Қазақстан халқының Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарына деген жоғары құрметінің белгісі деп білеміз. Елбасы өзінің Жолдауында: “Біз мұның еліміздің ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы тұғырында жұмсап жатқан күш-жігеріне ауқымды қолдау екендігін көреміз. ЕҚЫҰ Саммитін – барлық кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте осындай ауқымдағы алғашқы халықаралық форумды өткізу – бұл тек асқақ абырой ғана емес, үлкен жауапкершілік те”, – деп атап көрсетті. Н.Ә.Назарбаев соңғы рет 11 жыл бұрын өткізілген ЕҚЫҰ Саммитін Астанада өткізу елі­міздің әлеуметтік-экономикалық және демо­кратиялық дамуына серпін беріп, қазақстан­дықтардың бірлігі мен патриотизмін одан сайын нығайтады деп көрсетті. Қазақстандық төр­ағалық ету төрт “Т” девизіне құрылады: “Trust” (сенім), “Tradіtіons” (дәстүрлер), “Transparency” (транспаренттілік) және “Tole­rance” (төзімділік). Осы ұғымдармен белгі­ленетін үдерістердің мәні жоғары және барлық қауымдастық үшін өзекті. Осы төрт “Т”-да барлық халықтардың бейбіт өмірге, қауіпсіз­дікке, экономикалық тұрақтылық пен адами және азаматтық құқықтарды толық жүзеге асыруға деген мәңгілік ұмтылыстары тоғысқан. Қазақстан еуропалық қауіпсіздікті қамта­ма­сыз ету континенталды шеңберден шығып кеткендігі туралы тезисті белсенді түрде алға шығаруда. Қазірдің өзінде-ақ халықаралық қауымдастық еуроатлантикалық және еуразия­лық қауіпсіздік категорияларын қолдануда. ЕҚЫҰ төрағалығына кірісе отырып, Қа­зақстан жаңа қауіптер мен әрекеттерге, ең алды­мен, лаңкестік пен есірткі тасымалына қарсы әрекет етудегі Ұйымның рөлін нығайту ниетін жария етті. Қазақстандық басты басым­дылықтар қатарына Ауғанстандағы ахуалды бей­біт реттеуге күш салуды арттыру, Қыр­ғыз­стандағы оқиғаларға қатысты тиімді шаралар қабылдау, экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы Ұйым рөлін күшейту, экологиялық проблемаларды, әсіресе Арал проблемасын шешу енді. Елбасымыз Арал аймағын, Арал проблемасын үнемі назарда ұстап келеді. Соның нәтижесінде Арал өңірі халқының тыныс-тіршілігін жылдан-жылға жақсартуға бағытталған нақты істер атқарылуда. ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерге Еуроатланти­ка­лық және Еуразиялық кеңістіктегі барлық үш өлшемдегі сақталып отырған және жаңа қауіп-қатерлерге қатысты бірлескен қадамдар әзірлеу күтіп тұр. Астанада өтетін Саммит ЕҚЫҰ да­муы­ның стратегиялық бағыттары мен “жол картасын” айқындауға арналады. Жоғары дең­гейдегі кездесу Ұйымды заманауи ақиқаттарға бейімдеуге мүмкіндік жасап, ЕҚЫҰ-ның “Хель­синкиден Астанаға” дейінгі табысты эво­люциясын әлемдік қауымдастық алдында паш етеді. ЕҚЫҰ-ның төрағалық тұғырына енгенге дейін де Қазақстан бірнеше рет ТМД елдерінің аймақтық бестігіне тек Еуроодақ қана емес, Солтүстік Америка елдерінің назарын Орталық Азияға – оның проблемаларына, экономика­лық дамуына, энергетикалық және көлік тақырыптарына барынша тарту үшін күштерді үйлестіріп, биылғы жылды пайдаланып қалуды ұсынды. Тарихта алғаш рет айтарлықтай ық­палды халықаралық құрылымды Орталық Азия елі басқару жағдайында, барлық мемлекеттер мен оны құрайтындар қандай да болмасын өткендегі өкпе мен жазғыруларын ысырып тастап, бірлесе жұмылып, аймақты әлемдік шет аймақ тұғырынан Еуропа мен Американың саяси және іскер топтарының назарының дәл ортасына алып шығуы тиіс. Егер де мұны олардың өздері жасамаса, олар туралы келесі жылы-ақ тек Ауғанстанға жүк тасымалданатын транзитті бағыт және еуро­палық үйлерге жылу беретін мұнайгаз тер­миналы ретінде ғана естеріне алатын болады. Елбасымыздың жоғарыда көрсетілген проб­лема­ларды шешуге шақырған ұсыныстары әлем қауымдастығының назарына жетеді деп ойлаймыз. 2010 жылдың тамызында ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстанның Мем­лекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев “ЕҚЫҰ-ға 56 қатысушы мем­лекеттің көшбасшыларының 1-2 желтоқсанда өтетін Астанадағы кездесуі қауіп-қатерлер мен іс-әрекеттерге лайықты жауап қатудың ға­жайып мүмкіндігін береді”, – деп мәлімдеді. “Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақы­рылатын Астана Саммиті біздің елдеріміз бен олардың саяси көшбасшылары үшін ЕҚЫҰ құруға негіз болған жаппай қауіпсіздік пен ынты­мақтастықты қамтамасыз ету қағидаттары XXІ ғасырда да сондай өзекті әрі қажетті екен­дігін әлемге көрсетудің керемет мүмкіндігі бол­мақ. Саммитке дейінгі қалған уақытта бізге, Астанадағы осынау тарихи кездесу терең маз­мұн­ды және жоғары ұйымдастырушылық дең­гейде өтуі үшін, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің көшбасшылары Ванкуверден Владивостокқа дейін “қауіпсіздік кеңістігі” тұжырымда­ма­сы­нан “қауіпсіздік қауымдастығына” көшуге, біздің ортақ ұйымымыздың одан әрі нығайып, жа­ңаруына бастау салуы үшін көп жұмыстар атқаруға тура келеді”, – деді Қанат Саудабаев. Сонымен қатар, Алматыда таратылған бастама­лар мәлімдемесінде ЕҚЫҰ Саммитінің басым­дылығы Орталық Азиядағы жағдай болуы тиіс­тігі айтылды. “Қырғызстандағы соңғы оқиға­лар, Ауғанстанда күрделі күйде тұрған жағ­дайлар, жалпы Ортаазиялық аймақтағы ширыға түскен шиеленістер ауқымында Саммит аймақтағы жағдайды тұрақтандыру жолдары туралы пікірталас аша алар еді”, – делінген мәлімдемеде. Бүгінгі күні ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің алдында күн тәртібінде тұрған маңызды міндет Таулы Қарабақ шиеленісін реттеу болып табылады. ЕҚЫҰ Минск тобының бірге төрағалық етушілерімен кездесу кезінде Мем­лекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Сау­дабаев осы топтың қызметі нақ Таулы Қарабақ шиеленісін шешуге бағытталғандығын атап көрсетті. Елшілер Б.Фасье (Франция), И.Попов (РФ) және Р.Брадтке (АҚШ) ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы Қ.Саудабаевты бірге төрағалық етуші елдердің ықпалымен өтіп жатқан Әзірбайжан мен Армения арасындағы келіссөздік үдерістің ағымды кезеңінің негізгі қырлары туралы хабардар етті. Ресей, Франция және АҚШ президенттерінің Мәскеудегі мә­лімдемелеріне сәйкес, Алматы форумы кезінде өткен бірге төрағалық етуші “үштіктің” сыртқы істер министрлерінің Армения және Әзірбай­жанның сыртқы істер министрлерімен кезде­суі­нің қорытындысына өз алдына бөлек назар аударылды. Министрлердің кездесу қорытын­дысы бойынша РФ делегациясының басшысы С.Лавров, Франциядан Б.Кушнер және АҚШ-тан Дж.Стайнберг мәлімдеме қабылдады, онда Таулы Қарабақ проблемасын шешуге ықпал етуші бірге төрағалық етуші елдердің ұстаным­дары белгіленді. Бірге төрағалық етушілер Қа­зақстан СІМ басшысына өздерінің қызметіне қолдау жасағанына және ЕҚЫҰ төрағасы тұғырын­дағы жұмсап отырған күш-жігері үшін алғыс білдірді. Украина президенті Виктор Янукович үсті­міз­дегі жылдың қыркүйегінде Киевте Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен бірлесе өткен баспасөз конференциясында ЕҚЫҰ төрағалы­ғындағы Қазақстанның іс-қимылына берген бағасының өзіндік үні бар. Ол “Мен Қазақстан Президентінің шақыруын қабыл алдым және осы Саммитке міндетті түрде қатысамын”, деді. Оның үстіне ол Қазақстанның осы ұйымға төр­ағалық етудегі, ең алдымен, “қатыры­лып тас­талған шие­леніс­тер­ді” реттеу мәселе­ле­ріндегі тәжірибесі Украина үшін қыз­ығу­шы­лық туғызатын­ды­ғын атап көрсетті. В.Яну­­кович, соны­мен бірге, Ас­та­на­дағы фо­рум әлем­дегі жаңа іс-әре­кет­тердің алдын алу, атап айтқанда, ұжымдық қауіп­сіз­дік жүйесін қа­лып­тастыру бой­ын­ша елдердің күштерін біріктіру жағынан жа­ңа­шыл бола алады де­ген сенімін білдірді. “Уақыттың осы кезеңінің жаңашылдығы барша әлем дағдарыстан ақы­рындап шыға бастауы­мен, десе де қауіпсіздік мәселелеріндегі күн өткен сайынғы туындай­тын жаңа әрекеттер, іс жүзінде бізге қауіпсіз­дік­тің бірқатар бағыттары бойынша күшімізді біріктіруге тиістілігімізді алға тартатындығымен тұжырымдалады. Міне, дәл сондықтан да Астана осы жаңа парақты аша­тын форумға айналатыны кәміл”, деді ол. Еуропалық және орталықазиялық аймақ­тардағы қауіпсіздік ахуалын бұзатын халық­аралық және саяси шиеленістерден бөлек, шешілуі үшін мүдделі мемлекеттердің бірлесіп күш жұмсауын қажетсінетін көптеген экономи­калық проблемалар бар. Олардың ішінде экономикалық қауіпсіздік бар. Бұл бағыттағы ахуалды талдауға жасалған ұмтылыс осы жылдың 13-14 қыркүйегінде Литва астанасы Вильнюсте өткен, энергетикалық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа Ұйымның келешекте қосар үлесін бағалау жөніндегі ЕҚЫҰ сарапшыларының арнаулы мәжілісі болып табылады. Іс-шараны ЕҚЫҰ-ның қазақстандық төрағалығы, Ұйымның 2011 жылғы төрағасы Литва, сондай-ақ ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызмет Үйлестірушісінің бюросы ұйымдастырды. ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастық жөніндегі әріптестері мен қатысушы мемлекеттерінің, халықаралық ұйымдардың, іскер және ғылыми топтардың 200-ден астам өкілдерінің басын қосқан көрнекті іс-шараға Литваның сыртқы істер министрі Аудронюс Ажубалис пен ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбоның қатысуымен өткенінен хабардармыз. Құрамына мүдделі министрліктердің өкілдері кірген Қазақстан делегациясын ҚР СІМ айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Сержан Әбдікәрімов басқарды. Мәжіліс барысында сарапшылар энергетикалық қауіпсіздік саласындағы аймақтық ынтымақтастық мәселелерін, осы саладағы өзара іс-қимылды дамытудағы ЕҚЫҰ-ның рөлін, энергетикалық секторда инвестициялық климатты жақсартып, дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау келеше­гін, энергия тасымалдаушылар рыногының транспаренттілігін арттыру, мемлекеттік және корпоративтік тиісті түрде басқару мәселелерін, маңызды энергетикалық инфрақұрылымдарды әлеуетті қауіп-қатерлер мен тәуекелдерден қорғауға қажетті тетік­терді қамтамасыз ету, энергетикалық инфрақұры­лымдарды әртарап­тандыру мен модерниза­циялау арқылы энергетикалық қауіпсіздікті арттыру, сондай-ақ жаңғыр­тылатын энергия көздері мен көмір­сутегілердің дәстүрден тыс ресурстары тәрізді қуаттың барабар көздерін пай­далануды кеңейту мәселелерін талқылады. Жақында Италияда өткен ЕҚЫҰ Парла­мент­тік Ассамблеясы мәжілісінде осы ұйым­ның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришам­бо­ның сөзінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лығы ерекше сәтті болғаны, Қазақстанның жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді екіжақты, көпжақты талқылаулар барысында жақсы нәтижелерге қол жеткізгені айтылды. Әлемдік деңгейдегі саяси қайраткер Қазақ­стан­ның аталған ұйымға төрағалығы кезінде ке­ре­мет белсенділік танытып, түйінді мәселелерді ше­шуге ұмтылысын жоғары бағалағанын ақпа­рат көздерінен оқып-біліп отырмыз. Қазіргі таң­да Қазақстанның тәжірибесі мен белсен­ді­лігі арқасында ЕҚЫҰ қызметі жаңаша серпін алып, кез келген мәселені бейбіт жолмен ше­шуді басты қағидатқа айналдырғаны соның дәлелі. Ел өміріндегі осындай халықаралық жоғары мәні бар тарихи шешімдер әрбір қазақстандық үшін зор мақтаныш, үлкен жауапкершілік деп ойлаймын. ЕҚЫҰ – төріндегі төреліктің міндеті де осы. Қазақстан осы жауапты міндеттердің үдесінен шыға білуде. Осының барлығы жарқын болашағы­мыз­дың көкжиегін айқындап, елін кемел келешек­ке бастап отырған Елбасының ерен ең­бегінің жемісі. Қылышбай БИСЕНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, техника ғылымдарының докторы, профессор.