• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2010

Төрағалық белестері

433 рет
көрсетілді

“Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Тө­­зімділік” ұранымен өтіп жат­қан Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ын­ты­мақтастық ұйымына төраға­лы­ғы­ның жетістігіне еліміз ғана емес, бүкіл әлем куә болуда. Ел тұр­ғындарының мәртебесін көте­ре­тін, патриоттық сезімді жоға­ры­лататын шараларға азамат­тардың бей-жай қарамауы халық назарын аудартатыны ақиқат. TRUST – бұл кез келген кү­дік­тің орын алмай, толық са­ли­қалылықты сезіну болып табы­ла­ды. TRADІTІON – ұрпақтан ұрпаққа жеткен барлық қоғамдық қатынастарды реттейтін жоралғы, дағдылар мен икемділік тура­сын­дағы көзқарастар жиынтығы. TransparencU – ақпаратқа қолжетімділік бағытындағы құ­пиялылықтың жоқтығы, деректің нақтылығы мен мөлдірлігі. Tolerance – өзгенің өмір-сал­тына, мінез-құлқына, салт-дәс­тү­рі­не, сана-сезіміне, пікіріне, идея­ларына, нанымына төзім­ді­лік. Міне, осы қоғам жаңғыруына қажетті құбылыстар біздің тәуел­сіз мемлекетімізге тән. Мұның барлығы Елбасы Н.Ә.Назар­баев­тың жүргізіп отырған байсалды саясатының жемісі. Қазақстан әлемдегі беделді ұйымға төрағалығы жылында аталмыш Ұйым беделінің жоға­ры­лауына өзіндік үлесін қоса түс­ті. Әлемдік деңгейдегі өзекті мә­се­лелермен қатар, еліміз үшін ма­ңызды кездесулердің іргетасы қаланды. Мәселен, төрағалықтың алғашқы кезеңіндегі Брюссельде ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төраға­сы, Мемлекеттік хатшы – Сырт­қы істер министрі Қ.Сауда­баев­тың Еуропалық Комиссия пре­зиденті Ж.М.Баррозу және Еуро­палық инвестициялық банк пре­зиденті Ф.Майштад, НАТО-ның Бас хатшысы А. Фог Расмуссен, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтон және АҚШ Энер­ге­ти­ка министрі Чу, АҚШ Прези­денті­нің ұлттық қауіпсіздік жө­нін­дегі кеңесшісі Дж. Джонс, Мем­лекеттік хатшының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары У.Бернс, АҚШ Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Р.Холбрук, сондай-ақ басқа да құрылымдар басшыларымен кез­десулері Қазақстан мерейін жо­ғарылата түсті. Қазақстан Респуб­ликасының ЕҚЫҰ төрағалығы қызметіне кірісуіне орай Прези­дент Н.Ә.Назарбаевтың Вена қа­ласындағы үндеуі мен Қ.Сау­да­баевтың ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің 789-шы отырысында сөйлеген сөздері еліміздің төрағалық жы­лындағы жемісті қимылдар жүр­гізудің көрсеткіші іспеттес. Төрағалықтың тоғыз айында Қазақстан көптеген әлемдік ма­ңы­зы бар мәселелерге назар аудар­ды. Созылмалы қақты­ғыс­тар аймағына айналған құбылыс­тарды реттеуге зор диплома­тия­лық күш-жігер жұмсалуда. Әзір­байжан мен Армения арасындағы консенсусқа жету жолдарын қа­растыру, Таулы Қарабақ жан­жа­лын реттеуге ықпал ету ЕҚЫҰ төрағалығындағы Қазақстан ба­сымдықтарының бірі болып табылды. Ұйымның аталмыш қақ­тығысты реттеуге жаңа серпін беруге және ұзаққа созылған жан­жалдарды шешуде мардымды жетістіктерге қол жеткізу үшін елдердің тарихи жақындығын тиім­ді пайдалану турасындағы ұсы­ныстар жасалып отыр. Со­ны­мен қатар, еліміз Армения мен Түр­кия арасындағы қатынас­тар­ды қалыпқа келтіру үдерістеріне жоғары баға бере отырып, бұл мәселеден де тыс қалмады. Ыстамбұлда өткен АӨСШК саммиті шеңберінде Түркияның Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытогулының бастамасы бой­ынша “XXІ ғасырдағы Еуразия қауіпсіздігі және экономикалық ынтымақтастық” атты арнайы іс-шара өткізілді. Бұл шара АӨСШК мен ЕҚЫҰ арасындағы ортақ байланыстарды нығайта түсті. Сонымен бірге, екі құры­лымның тұрақты үнқатысу ала­ңын құруға мүмкіндік берді. Еліміз Ауғанстандағы жағдай­ларға баса назар аударып, қажетті нәтижелерге жетуге бағытталған қи­мылдардың ортақ компромисті шешімдерін қабылдауға үлес қосуда. Қазақстан Ауғанстан жас­тарының білім беру ынты­мақтастығы бағдарламасын дай­ын­дап, еліміз тарапынан 50 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсау көзделуде. Бұл біздің елде 1000 ауғандық студенттің білім алуына мүмкіндік туғызып отыр. Ең бастысы – халықаралық өмірдегі саяси жаңалықтардың бірі болып табылатын 11 жыл ішінде бірінші рет өткізілейін деп жатқан ЕҚЫҰ Саммитінің Аста­на қаласында өтуі әлемдік қауым­дастықтың ел саясатына берген жоғары бағасы, сенімі деп түсінеміз. Бұл осы уақытқа дейін төрағалық шеңберінде атқарыл­ған жұмыстардың жемісі. Мұндай жоғары деңгейдегі кездесуді ұйым­дастыру мазмұны жағынан үлкен жігер мен шебер ұйым­дастырушылықты қажет етеді. Саммит аймақтағы мәселелерді шешуге бағытталған ашық үнқа­ты­су ретінде өтіп, тұрақты даму­дың өркениеттік жолдарына ұсы­ныстар жасалатынына толықтай сенімдіміз. Әлемдік қауымдастықтағы әріптестіктің негізгі қайнар көзі мәдениетаралық үнқатысудың орын алуында жатыр. Сондықтан алдағы уақытта өтетін Саммит Қазақстан төрағалығы жылында көрсетілген оң тенденциялардың бекуіне ықпал етіп, қауіпсіздікті қам­тамасыз етудің нақты идея­лары мен нұсқалары қабыл­да­на­ды. Болашақ даму бағыттарына сенім, дәстүрлерді құрметтеу, ашық­тық пен өзара түсіністік құн­дылықтарын Қазақстанның әлем елдеріне тарататын күні туды. Мұрат НАСИМОВ, саяси ғылымдар кандидаты,  Қызылорда “Болашақ” университетінің  кафедра меңгерушісі.