• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2010

Ғарыш әлеміне қызығушылық

652 рет
көрсетілді

Биыл әлемдегі алғашқы ғарыш айлағы — Байқоңырдың құрыл­ға­ны­на 55 жыл толды. Ал адамзаттың тұңғыш ғарышкері Юрий Гага­рин­нің ғарышқа ұшқанына алдағы жылы 50 жыл болады. Осындай мерейлі дата­ларға орай Ақтөбеде плане­тарий­лердің шығармашылық қыз­мет­керлерінің “Жұлдызды 50 жыл” атты халықаралық конфе­рен­циясы болып өтті. Конференция облыстық әкім­­дік­тің қолдауымен және Ақтөбе облыстық планетарийінің Ресей планетарийлер ассоциа­ция­сымен бірлесе отырып ұйым­дастыруымен өткізілді. Конфе­ренция жұмысына Ресейдің 11 қаласынан планетарий қызмет­кер­лері КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері, екі мәрте Кеңес Ода­ғы­­ның Батыры, Ресей пла­не­тарий­лер ассоциациясының құр­метті пре­зи­денті Георгий Гречко, И.И. Неп­лю­ев атындағы Орын­бор кадет корпусының оқыту­шысы, Ю.Га­га­рин­нің курстасы, полковник Ана­то­лий Быков, Ресей планетарийлер ассоциа­ция­сы басқармасының төр­айы­мы Зинаида Ситкова қатысты. Мұндай маңызды халық­аралық конференцияның Ақтө­беде өтуі тегін емес. Өйткені, Қа­зақстандағы жалғыз стационар­лық планетарий осында жұмыс істейді. 2008 жылы ТМД елдері планетарийлерінің ха­лықаралық конференциясында Ақтөбе об­лыстық планетарийі  Еуразиялық қауымдастыққа кірді. Соңғы уа­қытта планетарий жұмысы бала­лардың астрономия мен ғарышқа қызығушылығын арттыру үшін жаңаша сипат алуда. Мұнда ға­рыш­керлік тақырыбына суреттер көрмесі, астрономиялық олим­пиа­­далар мен конференциялар, поэзия кештері ұйымдасты­ры­лып тұрады. Ақтөбе облыстық планетарийін бүгінге дейін 1,5 млн. келушілер қызықтапты. Ақтөбе топырағынан КСРО-ның екі ұшқыш-ғарышкері – Кеңес Одағының Батыры Виктор Пацаев пен Ресей Батыры Юрий Лунча­ковтың түлеп ұшқанын жерлестері орынды мақтаныш тұтады. Конференция аясында  ғарышкерлікке арналған көрме ұйымдастырылды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.