• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
30 Қазан, 2010

Азия жүлдегерлеріне құрмет

409 рет
көрсетілді

“Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында Бангкокта өткен Азия чемпионатына Ақмола облысынан қатысқан балуандарды құрметтеу рәсімі болды. Оған “Жас Отан” жастар қанатының белсенділері, облыстық туризм және спорт басқармасының бас­шылары, бұқаралық спорт жана­шырлары мен мектеп оқушылары қатысты. – Қазақстанның жасөспірім балуандары байрақты бәсекеде топ жарып, ел мерейін асқақ­татты, – деді осыған байланысты өткізілген баспасөз мәслихатын ұйымдастыру­шылар. Қыздар ко­ман­дасы он салмақ дәрежесінде 8 медальды жеңіп алды. Оның ішін­де 1 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлде бар. Көкшетау қаласындағы Қажымұқан атындағы спортта дарынды балалар мектебінің оқушысы Диана Уәлиева қола медальды еншіледі. Диана Азия чемпионатына екінші рет қатысып отыр. Былтырғы бәсекеде жер­лесіміз жүлделі екінші орынға көтерілген еді. Республикамыздың ерлер ко­ман­дасы он салмақ дәрежесінің бәрінде де жүлделі болды. Степ­но­гор қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балалар мектебінің өкілдері Батухан Шырақбаев еркін күресте алтын медаль тақса, Владимир Кудрин күміс жүлдені еншіледі. Баспасөз мәслихатында облыс мақтанышына айналған спорт­шылар, олардың жаттықтыру­шылары Евгений Судейкин мен Балташ Уәлиев, облыстық туризм және спорт басқармасының басты­ғы Шынарбек Батырханов журналистер қойған сұрақтарға жауап қайтарып, болашақ мақсаттары туралы әңгімеледі. “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының бөлім бастығы Бауыржан Ыбыраев Азия чем­пионатының жүлдегерлерін құт­тықтап, оларға партия атынан сый-сауға жасады. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.