3 қараша күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
К.Мәсімов Ресейдің бұрынғы Премьер-министрі Виктор Черномырдиннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Әңгіме барысында, Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың аясындағы екіжақты өзара қарым-қатынастар мәселелері талқыланды.