• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
06 Қараша, 2010

Төрт қабатты автотұрақ

491 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласы өркениетке бағыт алған шаһарлар қатарына жатады. Об­лыс орталығы жыл өткен сайын жа­ңа­рып, өсіп-өркендеп келеді. Мұн­да со­нымен қатар сәулеті келіскен және қа­лалықтарға қажетті барлық игіліктер бо­латындай жобалар жүзеге асырылуда. Соның бір дәлелі – жақында қаладағы 11 шағын ауданда төрт қабатты 460 мә­шине сыятын жай­лы да сайлы авто­тұрақ пайдалану­ға берілді. Автотұрақты көп салалы “Нектар” өндірістік кооперативі 16 айдың ішінде салып бітірді. Бұл батыс өңірінде салынған алғашқы көп деңгейлі автотұрақ. – Бұрын бұл жерде 100 мә­ши­неге арналған ашық автотұрақ болатын. Қалада автокөлік саны жыл сайын кө­бейіп келеді. Осы ауданның өзінде 35 мың адам тұрады. Әр үйдің аула­сын­да қаптап тұрған мәшинені көре­сіз. Бұл қаланың көркін кетіреді әрі кө­шелерді тарылтып, қозғалысты қи­ын­датады. Германияға барған сапа­рым­да олардағы мәшине­лер­дің осын­дай автотұрақтарда тұра­тынын көрге­нім бар болатын. Сол маған осындай көп қабатты автұрақ салуға түрткі болды. Ал ав­тотұрақ құрылысын үш жыл бойы тек жаз айларында салған себебіміз – қыста құрылыс жүр­гізу көп шығынды қажет етеді, үнем­шілдікті ойлағанымыз еді, – дейді “Нектар” өндірістік коопе­ра­тивінің директоры Шамиль Каспранов. Бұл жобаны жүзеге асыруға 245 млн. теңге жұмсалған. Оның бір бөлігі “Центркредит” банкінің несиесі, қалғаны кәсіпкердің өз қаржысы. Жалпы алаңы16 мың шаршы метр төрт қабатты авто­тұ­рақ­та 60 адам жұмыспен қамта­ма­сыз етілді. Мұнда болашақта жөндеу шеберханаларын, доңғалақ ауыстыру, электр цехтарын және қосалқы бөлшектер сататын дүкен, басқа да тұрмыстық қызмет орын­дарын ашу көзделуде. Жаңа жабық автотұраққа мәшине қоюдың бағасы күніне 200 теңге. Бұл ашық автотұрақтың ба­ға­­сы­мен бір­дей. Мұнда автокө­лік­терін қоятындар тұрақты клиенттер болып табылады. Кә­сіпкерліктің әлеуметтік жауапкер­ші­лігін сезін­ген өндірістік кооператив бас­шы­лары мүмкіндігі шектеулі екі адамға автокөлігін тегін қоюға, өзде­рі­нің тұрақты он клиентіне тым-тәуір жеңілдік беріп отыр. Сондай-ақ, бо­ла­шақта автокөлік иелерінің осы жерде техникалық тексеруден өту­лері­не жағдай жасалатын болады. Бір сөз­бен айтқанда, бұл автокөлік иелеріне ғана емес, тұрғындарға да таптыр­майтын сый болды. Жаңа көп деңгейлі автотұрақ­тың тұсаукесеріне қатысып, сөз сөйлеген облыс әкімі Елеусін Са­ғын­дықов мұндай автотұрақтың пайдалануға берілуі қаланың өр­ке­ниет­ке ұмтылған сәтті қадамдары­ның бірі екенін атап өтті. Болашақ­та миллион тұрғыны бар қала бо­луға ұмтылған шаһарда кө­лік қоз­ға­лысының қалыпты жүйесін қа­лып­тастыратындай ондаған жоба­лар­дың қолға алынып жатқаны­на тоқталды.Тоқсаныншы жылдары 28 мың автокөлік болса, соның екі мыңы ғана жеке автокөліктер еді. Қазір облыстағы 70 мың авто­кө­ліктің 97 пайызы жекелердің қо­лында. Сон­дықтан мұндай қаланың эстетикалық мәдениетіне үлес қосатын және қөше қозғалысын рет­тейтін құрылыстарды көптеп салуымыз керек деді ол. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.