Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қытай Халықтық саяси Консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Цзя Цинлиньмен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Өзара сауда-экономикалық қарым-қатынасты, соның ішінде көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және жаңа технологиялар салаларын одан әрі тереңдету мәселелері бойынша әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, инвестициялық және шекаралық ынтымақтастықты дамыту тақырыбы да қозғалды.
Кездесуден соң К.Мәсімов пен Цзя Цинлинь екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі құжаттарға қол қою рәсіміне қатысты.