• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2010

Нақты тапсырылды

378 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев Еңбек және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықованы қабыл­дады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің бас­пасөз қызметі. Г.Әбдіқалықова Президентке министрлік­тің ағымдағы жұмысы туралы баяндады. Атап айтқанда, Президенттің “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкін­дік­тері” атты Қазақстан халқына Жол­дауынан туындайтын әлеу­мет­тік міндет­терді іске асыру барысы туралы хабардар етті. Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамтуды және әлеу­меттік қорғауды арттыруға ба­ғыт­талған бірқатар нақты тапсыр­малар берді.