Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың үстінен іс қозғалып жатыр. Оған Париж мэрі болған кезде 7 жалған жұмыс орнын ашып, одан түскен қаржыны саяси серіктеріне аударған деген айып тағылып отыр.
Бұдан бұрын сондай бір іс көтерілгенде, Париж мэриясына 2,2 миллион доллар төлеп құтылған екен. Енді қылмысы дәлелденер болса, 77 жастағы бұрынғы президент 10 жылға сотталуы мүмкін.
Орындалуы қиын шарттар
Иран ағайындыққа жүрген “алтаумен” (АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Германия және Франция) өздерінің төрт шартын орындаған күнде ғана келіссөзді жалғастыратынын айтты.
Келіссөз кезінде дос немесе қас екеніңді айқында, келіссөз тоқтаса, шу көтермеңдер, Израильде атом қаруы бар-жоғын айтыңдар, дейді. Мұндай шартпен келіссөзге, әрине, бару қиын.