• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
18 Қараша, 2010

Студенттер ілтипаты

574 рет
көрсетілді

Жуырда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық универси­тетінің журналистика және саясаттану факультетінде белгілі публицист-ғалым, жазушы Сапар Бай­жанов­тың туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Оған қаламгердің әріп­тес­тері мен замандастары, шә­кірттері, отбасы мүшелері, сондай-ақ, уни­вер­ситет оқытушылары мен сту­денттері қатысты. Жарты ғасырға жуық қазақ бас­пасөзінде еңбек етіп, өзіндік журналистік мектебін қалып­тас­тыра білген Сапар Байжанов – отызға жуық авторлық және аударма кітаптардың, үш жүзден аса мақала, очерк, эссе және пье­салардың иесі. Кешке қадірлі қонақ ретінде Сапар ағаның жары Күләш Бейсенбиева мен ұлы Ерлан Байжанов шақы­рыл­ды. Қарымды қаламгердің өмірі мен қызметі, әсіресе, шығар­ма­шы­лығы әңгіме арқауына ай­нал­ды. Студенттер оның журналистік шеберлік қырларына терең бой­лап, өздерін қызықтырған сауал­да­рына жауап алды. Асыл аза­мат­тың шығармашылық бағыты мен өмірлік қағидалары туралы жары Күләш апай: “Ол кісінің өзгелер­ден басты ерекшелігі – еңбекке деген адалдығы. Екіншіден, уа­қыт­ты өте ұқыпты пайдаланатын. Бос әңгімеге ешқашан жол бермеуші еді. Үшіншіден, қолынан қалам, дәп­тері түскен емес. Ал ол журна­лист үшін ең қажетті дүние ғой. Дәптеріне жүрген жеріндегі естіген көркем сөздерді, қызықты әңгіме­лер­ді, ұлағатты сөздер мен мақал-мә­телдерді жазып алатын. Сол ең­бектің арқасында шығармашы­лығында үлкен жетістіктерге жете білді. Ол кісі 3-курста-ақ бұрынғы “Ле­ниншіл жас” газетіне жұмысқа тұр­ды. Үш айдан соң бөлім мең­ге­рушісі, бір жылдан соң жауапты хатшы, ал диплом алғаннан кейін бас редактордың орынбасары қызметіне көтерілді”, – деді ағынан жарылып. Сапар ағаның қаламынан туған очерктер мен повестер, проб­лемалық мақалалар, аудар­ма­лар мен пьесалар, әсіресе “Жас­тық шақ – жауапты шақ”, “Сыр мен сымбат”, “Сұңқар көңіл самғайды”, “Ұлыма хат”, т.б. туындылары туралы жастар сүй­сіне ой тербеді. Сапар Бай­жа­нов ағаның жур­на­лис­тік ғұмы­ры­нан сыр шертетін көрме де ұйымдастырылды. Жұлдыз БАЙДІЛДА, ЕҰУ студенті.