• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2010

Жастар жалыны

487 рет
көрсетілді

Қарағандыда ЕҚЫҰ-ның Астана Cаммитіне арналған “Қарағанды жастары ел Президентімен бірге” акциясы өтті. Енді аз күнде елордада өткелі отырған әлемдік маңызы зор оқиға барша қазақстандықтар секілді өндірісті өңір өрендерінің де мақтанышын туғызуда. Жаңарған Қазақстанның Ұйымның Қазіргі төрағасы ретінде оған мүше мемлекеттердің сенімін ақтап, халықаралық қоғамдастық алдында беделі биіктей түсуін әр жас үлкен мәртебе санайды. Болашақтарына жарқын жол ашуға бүкіл мүмкіндікті жасауды мақсат еткен мемлекеттік қамқорлыққа деген шынайы сүйіспеншілік пен ризалық аталған акцияға қатысушылар жүздерінен есіп тұрды. “Мен бұл шараға зор қуанышпен келдім. Қазақстанымыздың ЕҚЫҰ төрағасы тұрғысындағы қызметінен бұған дейін де жетік хабардар едім, оның сан-салалы жемісті жұмыстарына одан сайын қанықтым, – деді “Болашақ” университетінің шәкірті Гүлшат Айтбаева. Акция “Жастар” стадионында басталып, содан соң жүздеген жігіт пен қыз иық тірестіре сап түзей Сәкен Сейфуллин, Станиславский атындағы театрлар алдында замандастарымен кездесті. “Біз Президентпен біргеміз”, “Жасасын менің Қазақстаным” деген әрбір азаматтың көкірегін кернеген қуанышты үндер алысқа жаңғырды. Акцияға қатысушылар Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті алаңында бас қосып, ЕҚЫҰ Саммитінің сәтті өтуіне тілектестіктерін білдірді. Айқын НЕСІПБАЙ. Қарағанды.