• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2010

Тағы бір жетекші ел белгілі

448 рет
көрсетілді

Украина 2013 жылғы ЕҚЫҰ төрағалығына сайланды 2013 жылы Украина Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ететін болады. Мұндай шешімді ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекеттің сыртқы істер министрлері консенсус негізінде “тыныштық рәсімі” арқылы қабылдады. ЕҚЫҰ-да қалыптасқан дәстүрге сәйкес, болашақ төрағалық туралы шешім төрағалық басталуына екі жыл қалған кезде қабылданады. Еске сала кетейік, Қазақстаннан кейін ЕҚЫҰ-ға 2011 жылы Литва, ал 2012 жылы Ирландия басшылық етеді. Енді, міне, 2013 жылдың төрағалығы белгілі болды. “Украинаны ЕҚЫҰ-ға 2013 жылы төрағалық ететін жоғары лауазымға сайлануына орай шын жүректен құттықтаймын. Біздің украиналық әріптестеріміз бен дос­та­­рымызға осынау жауапты мис­сия­ны атқаруда табыс және алдын­дағы болған төрағалардың жаңа гео­саяси шындық жағдайында ЕҚЫҰ-ны нығайтып дамыту бой­ынша күш-жігерін лайықты жал­ғас­тыруды тілейміз”, – деп мә­лім­деді Ұйымның Іс басындағы тө­р­ағасы, Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев. “Осы бағыттағы ерекше маңыз­ды шара санаулы күннен кейін өткізілетін ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті болуы тиіс. Жоғары дең­гейдегі бұл кездесу кезінде нағыз тарихи шешімдерді жасап шығару бойынша біздің барлық әріп­тес­тері­міздің жемісті жұмысын асыға күтеміз”, – деді Қ.Саудабаев. Төрағалық туралы шешімге қол жеткізу үшін Украинаның қыруар күш-жігер жұмсап, сан кездесулер мен консультациялар өткізгенін атап өткен жөн. Шешімнің Қазақ­стан төрағалық еткен жылда қабыл­данғаны да көрнекті жәйт. Еліміз Украина бастамасын қолдаған ал­ғашқы елдердің бірі болды. Биылғы жылы Іс басындағы төраға Қ.Сау­дабаев Киевке жасаған ресми сапа­ры кезінде баспасөз өкілдеріне жауа­бында Қазақстанның Украи­на­ның төрағалыққа сайлануын толы­ғымен қолдайтынын ашық мәлім­деген болатын. Бұдан кейін, мау­сым айында Украина сыртқы істер министрі Константин Гри­щенко ЕҚЫҰ-ның Венадағы штаб-пәте­ріне сапар жасап, Тұрақ­ты кеңесте өз елінің Ұйымға төр­ағалық ету үмі­ті мен ұстанатын сая­саты ту­ралы мәлімдеме жасаған болатын. Енді, міне, еліміздің стра­тегия­лық әріп­тесі әрі жақын до­сы Ук­раи­на Тәуел­сіз Мемле­кет­тер Дос­­тастығы ішінде ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін екінші мемлекет болып сайланды. Аталған “тыныштық рәсімі” министрлерге іс жүзінде кездеспей, шешім жобасын қарастырып, қа­былдауға мүмкіндік береді. Толық­ты­руы немесе ескертпесі бар ми­нистр оны жазбаша түрде немесе өкілі арқылы Іс басындағы төр­аға­лыққа жеткізеді. Ал белгіленген мер­зім ішінде ешкім қарсылық біл­дірмеген жағдайда шешім күшіне енеді. Биылғы жылы ЕҚЫҰ-ның мемлекет және үкімет басшылары деңгейінде саммиті өтетіндіктен, Ұйым сыртқы істер министрлері ресми мәжіліске жиналмайтын бол­ды. Сондықтан да қажетті шешім­дер осындай “тыныштық рәсімі” арқылы қабылданды”. Еске сала кетейік, нақ осылайша, “тыныш­тық рәсімі” арқылы екіжақты және көп­жақ­ты кеңестердің нәтижесінде тамыз айында ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің Аста­на­да 1-2 желтоқсан күні ЕҚЫҰ Сам­митін өткізу туралы шешімі қабылданған болатын. Талғат ЖҰМАҒҰЛОВ, “Егемен Қазақстан” – Венадан.