• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2010

Ауыл ажарын ауқымды жұмыстар ашады

659 рет
көрсетілді

Маңғыстау ауданының әкімі Қармыс БОҚАНОВПЕН әңгіме – Облыстың малды өңірі Маң­ғыстау ауданы тарихы терең, таби­ғаты әсем іргелі аудан. Оның аума­ғын түгелге жуық жайылым жерлер алып жатыр. Соған орай аудандағы жүзден астам шаруа қожалық­т­а­рын­да төрт түлік түгел өсіріледі. Ендеше әңгімені ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігі, мал шаруашылығын одан әрі өркендете түсудің жай-жапса­рынан бастаған дұрыс болар. – Иә, тарихы терең ауданы­мыз­дың табиғаты да әсем жерлері бар. Елбасы саясатына сай ауылдық аймақтарды дамытуға айрықша көңіл бөлудің нәтижесінде ауда­ны­мыз жылдан-жылға көркейе түсуде. Оған біздегі әлеуметтік-экономи­калық даму көрсеткішіміз дәлел. Атап айтсақ, бізде қалаға емес, ау­данға көшушілер саны артып, ха­лық саны 31 мыңға өсті. Кә­сіп­керлер саны артып, жаңа жұмыс орындарын ашу деңгейі 6,8 пайызға өсті. Соның нәтижесінде салық және басқа да төлемдерден жергі­лікті бюджетке түскен кірістер осы жылы 113,6 пайызға артып отыр. Елбасының халыққа осы жылғы Жолдауындағы агроөнеркәсіпті да­мыту елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыты екендігін басшылыққа алған ауыл еңбеккерлері дәстүрлі мал шаруа­шы­лығы салаларымен бірге суар­малы жерлерді пайдалану, жылы­жай­лар санын арттыруды да жос­пар­лап отыр. Төрт шаруа қожалығы мал тұқымын асылдандыруға бет­бұрыс жасап, асыл тұқымды Адай жылқысы мен қаракөл қойын өсі­руге ден қойды. Ауыл еңбеккер­лерінің ізденістері мен игі істері “Маң­ғыстауагросервис” мемлекет­тік қазыналық кәсіпорны тарапы­нан қолдау тауып, көмек алуда. Аталмыш кәсіпорын осы жылы ғана шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге 22 млн. теңгеге түрлі техникалар мен құрал-жабдықтар алуға несие берді. Сондай-ақ аудан халқын азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз ету және оның артық қорын жасап, инфляциялық үрдістерді тежеу мақсатында аудандық ауыл шаруа­шылығы бөлімі “Казагромар­ке­тинг” АҚ өкілдерімен бірлескен жұ­мыстар жүргізіп келеді. Ауыл тұрғындарына бірінші кезекте ке­ректі астық, өсімдік майы, қант, тұз сияқты тауар түрлерін жеткізуші он­даған жеке кәсіпкермен мемо­ран­думға, сондай-ақ арзан бағамен ұн алуға кәсіпкерлер Астық ода­ғы­мен келісім-шартқа отырды. Со­ны­мен қатар облыстық ауыл ша­руа­шылығы басқармасының жа­ны­нан құрылған “Берекет” МҚК ау­дан көлемінде жеті дүкен, екі сауда орталығы арқылы азық-түлікті арзан бағамен сатуымен халық көңілінен шығып отыр. – Шалғайдағы елді мекендерді байланыспен, көгілдір отынмен, электр энергиясы және телехабар­лар­мен қамту, сондай-ақ “Ауыз су” бағдарламасының аудан аумағында жүзеге асырылу барысы жайлы не айтасыз? – Біздің шөлейт өңір үшін ауыз су тіршілік көзі. Сондықтан да біздер судың қадірін жақсы білеміз. Соған орай “Ауыз су” аймақтық бағдарламасын жүзеге асыруға белсенділік танытып келеміз. Бұл ретте атап айтарымыз Көгез-Шетпе су құбыры және Шетпе селосының кентішілік су құбыры құрылысы. Бұл іспен айналысушы “Альянс ЛТД” ЖШС нысанға осы жылы бөлінген қаржыны игерді. Құрылыс жұмыстары 2012 жылы аяқталады. Сондай-ақ Боздақ, 15-бекет елді мекендеріндегі су дайындау жүйе­лері, жел генераторының құрылысы және ұңғымаларды бұрғылау жұ­мыс­тары аяқталып, мемлекеттік ко­миссияға ұсынылып отыр. Соны­мен қатар Тұщықұдық, Ұштаған селолары мен Сазды, Жарма елді мекендерін суландыру жұмыста­ры­ның бірінші кезеңдері аяқталды. Жалпы, біздің облыс “көгілдір отын” игілігін толық көріп отырған еліміздегі бірден-бір аймақ. Ол өткен жылдары облыс әкімінің іс-жоспарында атап көрсетілгендей мер­зімде жүзеге асып халықтың ри­за­шылығына бөленуіміз үлкен абы­рой деп ойлаймын. Ұзындығы 334 шақырымға созылған “Өтес-Ақ­­шы­мырау-Қызан-Шебір-Тұщықұдық” газ құбыры, сондай-ақ ұзындығы 25,5 шақырымдық Боздақ село­іші­лік газ желісі тартылды. Соның нә­тижесінде ауданымыздың бес елді мекеніндегі 6-7 мың тұрғыны “кө­гілдір отынның” қызығын көруде. Жақында аудан орталығы Шет­пе­дегі үш шағын ауданда жаңадан салынған үйлерге газ желісін тарту жұмысы аяқталды. Жалпы, бұл күндері ауыл тұрғындары электр қуатын пайдаланып, облыстық, республикалық телехабарларды то­лықтай дерлік көруде. Өткен аптада ғана аудан орталығынан облыстық “Қазақстан-Ақтау” телеарнасының өкілдігі ашылып тыныс-тірші­лігімізді кең көлемде көрсетуді мақсат етіп отыр. – Ауыл – алтын бесігіміз. Ау­ылды өркендету – Тәуелсіздігімізді тұлғаландыра түсудің бір белгісі. Әлеуметтік нысандардың қатарын көбейту – әлеуеттілігіміздің айғағы. Сол нысандар және де олардың қысқа дайындығы қандай дәрежеде? – Алтын бесігіміз ауылды, ау­ылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту Елба­сының халыққа Жолдауының ал­тын арқауы болып келеді. Осы рет­те Маңғыстау облысының рес­пуб­ли­ка бойынша бірінші болып елді мекендерді газ, су, электр энер­гиясы, байланыс және теледидар хабарларын таратумен толықтай қамтамасыз етуі зор жетістік, үлкен абырой. Халыққа жасалып отырған қамқорлықтың бір көрінісі. Сондай қамқорлыққа біздің аудан тұрғын­дары да дән риза. Аудан бойынша 21 мектеп пен 9 балабақшаның жы­лу қазандықтарын газбен жылыту жүйесіне қосу аяқталды. Селоның мәдениет үйлері, аудандық мұра­жай күрделі жөнделді. Шалғайдағы Қызан селосында 80 орындық ба­ла­бақша пайдалануға берілді. “Ба­лапан” бағдарламасына сәйкес ке­лесі жылы ғана аудан орталығында 140 орындық балабақша пайда­ла­ну­ға беріліп, оған қосымша бес елді мекенде балабақша ашу жоспар­лануда. Шетпеде “100 мектеп, 100 аурухана” жобасы бойынша 140 орындық аурухана құрылысы жүріп жатыр. Аудандағы әлеуметтік ны­сандардың қаһарлы қысқа дайын­дықтары да жақсы деуге болады. – Қай жерде де, қандай кезде де тіршіліктің тамырындай көлік жол­дарын күтіп ұстап, уақтылы жөн­деп, дұрыс пайдалана білудің берері мол. Бұл жұмыс әсіресе, жер көлемі ауқымды, елді-мекендері сирек ор­наласқан сіздің мал шаруашылықты аудан үшін маңызы зор ғой... – Шындығында да басқа ау­дан­дармен салыстырғанда аудандық дәрежедегі көлік жолдарымыздың көлемі көп. Яғни, 298 шақырымды құрайды. Көлік жолысыз ауыл тұрғындарының жағдайы қиын. Сондықтан бұл мәселе күнделікті бақылауымызда тұрады. Яғни, көк­темгі және күзгі байқаудың қоры­тындысымен нақты шаралар ала­мыз. Биыл да солай. Жұртшылық­тың талап-тілектеріне орай жолдар­ды жөндеу қанағаттанарлық жағ­дай­ға келді. Аудан көлеміндегі төрт көпірдің жағдайы қауіпті екені ес­керіліп қаражат жағы қарасты­ры­лып отыр. Қысқы қатты боран, көк­тайғақ, мұзғалақ күндері жүруге қи­ындық туғызатын жерлерге тө­гі­летін құм, басқа да құрылыс мате­риалдары дайындалу үстінде. Ал көршілес екі ауданды жалғас­ты­ра­тын Шетпе-Бейнеу автокөлік жо­лы­ның мәселесі күрделі. Ол жо­ғары орындар құзырындағы шаруа. Оның да оң шешілуде екендігі көңілге демеу болуда. – Ел экономикасын көтеруге игі ықпал ететін кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамтудағы “Жол картасы” жобасының тиімділігі туралы да айтарыңыз бар шығар. – Ауданымызда орта және ша­ғын кәсіпкерлікпен айналысушы­ларға қажетті көмек те, жағдай да жасалған. Кәсіпкерлікті дамытып, барынша қолдау көрсету және оған кедергілерді азайту басты назарда. Ал бұл жұмысымыз кәсіпкерлер тарапынан қолдау тапты. Соның нә­тижесінде осы жылдың он ай­ын­да кәсіпкерлер саны 6,2 пайызға өсті. Сондай-ақ осы саладағы оң өз­герісті ресейлік “Лукойл” ком­па­ниясының еліміздегі әлеуметтік жо­басы “Арай” бағдарламасы бой­ын­ша шағын отбасылық бизнесті да­мы­тудағы конкурста біздің аудан­нан 15 адамның компания грантын жеңіп алуынан да байқауға болады. Ынта-жігер ұштала түсуі үшін “Аудандық микрокредиттік ұйым” серіктестігі 50-ге тарта кәсіпкерге 43 млн. теңге көлемінде несие бе­ріп, соның нәтижесінде 80-ге тарта жаңа жұмыс орны ашылды. “Жол картасы” бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетті деуге болады. 2010 жылы ғана осы бағдарлама аясында 174 жаңа жұмыс орны ашылды. 60-қа жуық адам кәсіптік мамандық алу үшін оқытылды. Бұл бір ғана тиімді жағы десек, екінші жағынан ондаған әлеуметтік ны­сан­дар жөнделіп, елді мекендерді абаттандыру, көріктендіріп, көгал­дандыру қарқын алды. Ауданда аталмыш бағдарлама келесі жылы да жалғасады. Жоспардағы 9 жоба бойынша шамамен 200-дей адам үшін жаңа жұмыс орны ашылады. – Әңгімеңіз үшін рахмет. Әңгімелескен Жоламан БОШАЛАҚ. Маңғыстау облысы.