• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
27 Қараша, 2010

Материалдар жинағының тұсаукесері

552 рет
көрсетілді

Кеше “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясында ЕҚЫҰ-ның адами өлшемдері саласындағы Қазақстан саясатының негізгі нәтижелері туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар жинағының тұсаукесеріне арналған брифинг өткізілді. Жинақ “Нұр Отан” ХДП Пар­ламен­таризм институтының шы­ғармашылық ұжымымен дайын­дал­ды және ол ЕҚЫҰ-ның адами өл­шемдері сала­сын­дағы қызметінің негізгі қағидалары мен бағыттарын жүйелі түрде түсіндірудегі отандық ал­ғашқы талпыныстардың бірі болып табылады. Қазақстан Рес­пуб­ликасының аталған салада ЕҚЫҰ-ның стандарттарын енгізу бойынша қызметі басты назарға алынған. Қазақстан халықаралық қауым­дастыққа өтуде, соның ішінде ЕҚЫҰ үшін негіз болатын әмбебап ке­лісім­дерді имплементациялау ар­қылы бірізді саясат жүргізуде. Осы­ған байланысты пайдаланушыға ЕҚЫҰ-ның қызметін­дегі арнайы аспектілерін ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның осы халық­аралық ұйым шеңберінде мемлекеттік сая­сатты жүзеге асыру мәселесі бой­ын­ша бағдар беретін, пайдалануға қолайлы анықтама құралына деген сұраныс артып келеді. Авторлардың пікірінше, жинақ­тың шығарылуы тиісті инсти­тут­тардың қыз­меті мен механизмдерді, сонымен қа­тар Қазақстанның атал­ған ұйыммен өзара іс-әре­кетінің тәжірибесін суреттеу және түсіндіру арқылы ЕҚЫҰ-ның жүр­гізіп отырған процестерге мем­ле­кеттік және үкіметтік емес ұйым­дар­дың, азаматтардың кеңінен тартылуына ық­пал етеді. Сонымен бірге, осындай жария­ланымдар Қазақстанның халықара­лық міндеттерін қабылдауда бір­тұ­тас тұжырымдамалық және әдіс­на­малық ыңғайды қалыптастыруы­ның қажетті шарты екендігінің ма­ңызы зор. Жинақ адами өлшемдер сала­сын­дағы саясатты жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдарға, қо­ғамдық ұйым­дарға, гумани­тар­лық пәндерді оқы­туда қолдану үшін жоғары оқу орын­дарының өкілдеріне, сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның қызметіне қызығу­шылық білдіретін қалың оқырман қауымға арналған. Тұсаукесерде “Нұр Отан” ХДП Пар­ламентаризм институтының директоры Болат Байқадамов сөз сөйледі. Онда ол Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сам­митінің қарсаңында “Нұр Отан” пар­тиясы жұртшылықтың назарына атал­ған Ұйымға қатысты Қазақ­стан­ның сая­сатының негізгі нәти­желері туралы ақпараттық-анық­та­малық материалдар ұсынып отыр­ға­нын, жинақты Парла­ментаризм институты әзірлегенін атап көр­сетті. – Анықтамалық жинақтың ма­ңыз­дылығы – Қазақстанның би­ыл­ғы жылы Ұйымда төрағалық етуі­не байланысты, деді Б.Байқада­мов. Осы төрағалықтың шарықтау шегі – Мемлекет және Үкімет бас­шыларының саммиті болып отыр. Оны “Нұр Отан” партиясының Төрағасы, еліміздің Президенті Нұрсұл­тан Әбішұлы Назарбаев 2010 жылғы сыртқы саясаттың басты оқиғасы деп атады. Осыған байланысты мынаны айту керек, қазақстандықтар үшін Ұйымға төрағалық ету үлкен мақ­та­ныш болды. Бұл – еліміздің мем­лекеттік-саяси жа­ғынан кемел­денуінің елеулі бір кезеңі. Оның жақсы көрінісі Қазақстанның теңгерімді мемлекеттік саясаты бо­лып табылады. Онда елдің әлемдік қо­ғам­дастыққа рет-ретімен ықпал­дасуы ке­зінде ішкі және сыртқы ұлттық басым­дықтары жақсы үйле­сім тапқан. Соның ішінде Ұйым­ның халықаралық шарт­тарын пай­далану арқылы да. Б.Байқадамов сондай-ақ жинақ­та жүйеленген құжаттар мен мате­риалдар Ұйым қызметінің үш не­гіз­гі бағытының бірі – қауіп­сіз­діктің адами өлшемдерін сипат­тай­тынына назар аударып, мұнда ха­лықаралық стандарттарды ұлттық жағ­дайда қолданудың жай-жапсар­ла­ры, Ұйым қызметінің жалпы ерекшеліктері көрініс тапқанын көлденең тартты. Еңбектің басқа да қырларына тоқталды. “Егемен-ақпарат”.