• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2010

56 отбасы бір күнде баспаналы болды

416 рет
көрсетілді

Арқалықтық мазмұндағы пәтерлер 56 отбасы  бір күнде баспаналы болды Арқалық қаласының тұрғыны Болат Жармағанбетов “Өз үйім – өлең төсегім” дегенді дәл өзі се­кіл­­ді баспананың зарын көрген ата­ларымыздың бірі айтқанына  шүбә келтірмейтін.  Құйын жүр­ген­дей еткен  90-шы жылдарғы  ала­сапыран уақыттан кейін Болат пен Батира Жармағанбетовтер бас­панаға жарымады. Шиеттей бес ба­ланы көшіп-қонып,  көрпе-төсе­гін тасып жүріп, жалдаған пәтер­ле­рінде өсірді. Ал бұл қалада иесіз қа­лып, есік-терезесі үңірейіп тұ­ра­тын үйлерден аяқ сүрінетін. Тұр­ғындар үдере көшкенде тұтас ша­ғын аудан қаңырап  бос қалды. Қирату оңай да, оны жинаудың қи­ын екенін арқалықтықтар жақ­сы біледі. Тұралап қалған Арқалық қаласы 2000-шы жылдары бауы­рын қайта көтере бастағанда пәтер кезегі қайта көбейді. Жармаған­бе­товтер де  қала әкімдігіне барып пәтер кезегіне тұрды. Әйтеуір үміт дүниесі,  әйтпесе кезегім биыл келе қояды деген ой Болаттың үш ұйық­таса ойына кірген  жоқ. Үйді  салып ала салатын қаржы жағы тағы тапшы. Сонымен жасы келіп қалған жандар баспананы арман­дап  жүріп жатқан. Жақында қала әкімі Теміржан Төлеубаев тұрғын­дар­ға  жаңа пәтердің кілтін тап­сыр­ғанда бақытты  жандардың қа­тарында Болат та болды. Қуа­ны­шын айтып жеткізе алмайды. Мек­тепте оқып жүрген екі бала­сына сабақ бөлмесі, баспана бол­маған соң Астанаға барып күнін көріп жүрген балалары келгенде жататын қонақ бөлмесі, асхана, жатын бөлме – бәрі бар.Міне, Болат пен Батира мұнан артық кең сарай көрмегендей. Мемлекеттік тұрғын үй бағдар­ла­масы бойынша республика қазынасынан  артық-кемі жоқ 200 миллион теңге бөлінген болатын. Осы үйді тапсырған “Алюмин­строй” ЖШС директоры Абай Мұқановтың айтуынша,  үйдің бір шаршы метрінің өзіндік құны 300  АҚШ доллары болыпты. Қаңқиып қабырғасы ғана қалған  жатақ­ха­наны жертөлесінен бастап, қайта жөндегенде адам танымастай су жаңа үй болып шыға келді. Үйдің асханасы мен ваннасы  кафель, за­манауи санитарлық техника,  кең лоджия,  герметикалық есік-тере­зе­сі де тұрғындардың ойынан шы­ғып тұрды. Сонда үйді салған мердігерге оның құрылысы неге  осыншама арзанға түсті? Өйткені “Алю­ми­н­строй” ЖШС дайын асқа тік қа­сық емес, бюджеттің қаржысын  тисе – терекке, тимесе – бұтақ­қа” деп оңды-солды жарататын мер­дігер емес, кең профильді құ­рылыс мекемесі болып табылады. Олар құрылыс жұмысының сыр­тында жол салады, су құбырларын жүргізеді және  темір-бетон, ас­фальт-бетон бұйымдарын шыға­ра­тын зауыттары, қиыршық тас шы­ғаратын карьері жұмыс істеп тұр. Оның сыртында жиһаз дайын­дай­тын, пластикалық терезе, есік са­ла­тын цехтары және  көлікке, та­сымалға қатысты шаруашылық са­ла­лары да жеткілікті. Білікті бас­шы Абай  Құспанұлы осының бар­лы­ғын да үйдің құрылыс жұ­мыс­та­рына пайдаланғанда, үйдің өзін­дік құны  арзандап шыға келді. Се­ріктестік үйдің су құбырыларын да, жолды да, оның ауласын да, есік-терезесін де өздеріндегі мате­риалмен жасады. Әншейінде тез тап­сырылған үйлерге кіргенде тұр­ғындар қуанарын да, қуанбасын да білмей дал болатын. Себебі, ар­зан­қол материалдардан жасаған үй­лердің кірмей жатып төбесінен су ағып, терезесінен жел улейтін еді. Ал Абай Құспанұлы басқарған мердігерлер құрылысқа қажетті бұйымдарды  негізінен өздері жа­сап, өздері қойғаннан кейін ар­зандығын былай қойғанда, оның сапасы да көңілді орнықтырды. Құрылысшылардың мақтанар­лы­ғын­дай бар, олар Арқалық қала­сында жаңадан бой түзеген үйге тек қазақстандық қана емес, жер­гі­лікті, арқалықтық мазмұн берді. Арқалықта қоныс тойлардың кө­бейе­тініне құрылысшылар да, тұр­ғындар да сенімді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Арқалық. Суретте: Арқалық қаласының әкімі Т.Төлебаев тұрғындарға пәтер кілтін тапсырды.