• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2010

Студенттер сайысы

576 рет
көрсетілді

Шағын футбол Осы жылдан бастап елімізде Білім және ғылым министрлігі мен “Астана қаласының футбол сүйер қауымының лигасы” қоғам­дық бірлестігінің ұйымдастыруымен сту­денттер арасында республикалық аймақ­аралық турнир өткізіле бастағаны белгілі. Жуырда Орталық, Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік-1, Оңтүстік-2 аймақтарына бөлініп, еліміздің 50-ге жуық жоғары оқу орындарының ко­ман­­далары қатысқан бәсекенің жеңімпазы анықтал­ды. Сөйтіп, Академиялық инновациялық универ­ситет, Рудный индустриялық институты, Семей мем­лекеттік педагогикалық университеті, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының командаларымен иық теңестіріп, бәсекеге түскен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жігіттері турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Сыр бойы командасының бұл жеңісін ұйымдастырушылар да, жанкүйерлер де күтпеген еді. Алайда, күн сайынғы жаттығулар мен шелектеп төгілген тердің арқасында Қызылорда ко­ман­дасы қарсыластарының ешқайсы­сына дес бер­мей, құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Турнирде екінші орынды Академиялық инно­вациялық университет, ал үшінші орынды Рудный индустриялық институттың командалары иеленді. Бәсеке соңында Білім және ғылым министрлігінің Тәрбие жұмыстары мен жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Ермек Жантоқов жеңім­паз бен жүлдегер командаларға бағалы сый­лықтар табыс етті. Ал Астана қаласының футбол сүйер қауымы лигасының төрағасы Ерлан Жарылқасынов­тың айтуынша, мұндай студенттер арасында футбол­ды дамыту мен жастардың жүйелі түрде спортпен айналысуын насихаттауға, халық арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат ететін турнир алдағы кезде де ұйымдас­тырыла беретін болады. Дастан КЕНЖАЛИН.