• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2010

Ақмолда өзгеріс мол

414 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының атына Ақмола облысының Ақмол ауылының тұрғындарынан ұжымдық хат келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Целиноград ауданының әкімшілік орталығының тұрғындары Мемлекет басшысына аудан орталығын дамыту мәселелеріне, ауыл­дың өмірлік қам­та­ма­сыз етілуіне және инфрақұры­лы­мының бір­қатар мә­се­лелерінің шешімін табуына кө­ңіл бөлгені үшін ризашылықтарын білдірген. Ақмолдықтар елді мекенде жиыр­ма жылға жуық уақыт тұрғын­дар­ды ауызсумен үздіксіз қамтамасыз етуде проблема болып келгенін баяндайды. Алайда, өткен жылғы тамызда Елбасы ауыл­ға келіп-кеткеннен кейін мұнда елеулі өзгерістер болды. “Президенттің тапсырмасы бой­ын­ша облыс және аудан бас­шы­лығы та­ра­пынан аталған мәселені шешу үшін шаралар қабылданды, –  деп жазады ауыл тұрғындары. – Бүгінгі күні пә­тер­лерге ауызсу тәулік бойы жеткі­зілу­де, оның сапасы да жақсарды. Сондай-ақ жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысын жақсарту жөнінде шаралар қабылданып, кенттегі жол­дарға және көп қабатты үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сіздің тапсырмаңыз бойынша жаңа балабақша пайдалануға берілді. Бұл –  аудан орталығы үшін үлкен оқи­ға. Бүгінде Ақмолдың келбеті жарқырай түскен”. Ауыл тұрғындары мемлекеттік саясаттың нәтижесінде еліміздің ауылдары абаттанып келе жатқанын, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі артып, өмір сүру жағдайы жақсар­ғанын айтып, Президентке өз алғыстарын жеткізеді. “Сізге, Нұрсұлтан Әбішұлы, денсаулық, бақыт және біздің мем­лекетімізді дамыту, әрі одан әрі гүлдендіру жолындағы жемісті қыз­ме­ті­ңізге ұзақ жыл тілейміз!”, делінген Ақмол ауылы тұрғындарының хатында.