• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2010

Мерекелік концертті тамашалады

514 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан» орталық концерт залында болып, алдағы уақытта өтетін ЕҚЫҰ-ның Саммитіне қатысушылар мен қонақтарға арналған мерекелік концертті тамашалады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Концертке БҰҰ-ның Бас хат­шы­сы Пан Ги Мун, ЕҚЫҰ-ның Бас хат­шысы Марк Перрен де Бри­шам­бо, Қырғыз Респуб­ли­касының өт­пелі кезеңдегі Пре­зи­денті Роза Отун­баева, Тәжікстан Республи­ка­сының Президенті Эмо­­мали Рахмон, Бұрынғы Юго­сла­вия Республикасы Македония Президенті Георге Ива­нов, Лих­тенштейн Корольдігінің Премьер-Министрі Клаус Чючер, Қасиетті тақ Мемлекеттік хатшысы (Вати­кан) Тарчизио Бертоне, ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің үкімет мү­ше­лері, халықаралық ұйымдардың өкілдері және т.б. қатысты. Концертте Қазақстанның бел­­гілі әртістері мен жетекші шы­ғармашылық ұжымдары өнер көр­сетті. Олардың қата­рын­да КСРО халық әртісі Әлі­бек Ді­нішев, Қа­зақстан Респуб­ли­ка­сының еңбек сіңірген әр­тістері Бекболат Тілеухан, Май­ра Мұ­хамедқызы, Нұрлан Бек­мұ­хам­бетов, Құр­манғазы атын­дағы Қазақ мемлекет­тік ака­де­миялық халық аспаптар оркестрі және т.б. бар.