• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2010

Дауыс

405 рет
көрсетілді

Барша ырза қолдау тапқан бастамаға, Ел-жұрт пен жайраң қаққан жас бала да. Бар елдің жиналған соң жайсандары, Әлемнің әйдік көзі Астанада. Үмітім үлкейгендей үлпілдеген, Желпінген қала, ауыл жұртын көрем. Жер шары бас қоспақшы, достаспақшы, Бір оймен, бір идея, бір тілменен. Көп жәрдемін бергендей көкте құдай, Кедергі азын-аулақ өтпелі жай. Тауында тәуелсіздік тұрған елдің, Бақ-дәулеті зорайып кеткенін-ай! Нансаңшы нар халықтан нем жасырын, Нарықты жігеріңмен жең ғасырым. Атақ, даңқ шетел жақты шарлаған соң, Ай-күні асқақ тұр ғой Елбасының. Қалайша ағын судай ағылмайық, Қомақты жетістікті жаныңдай ұқ. Тыныштықты тербеткен тағылымды елім, Тынысың тұрған жоқ па тағы ұлғайып. Тұрақ таппай көңілдің көбелегі, Толқиды күміс сағым, көне белі. Төраға болған елдің, байтақ жердің, Төрін көр кең жаһанның төрелері. Биіктеп, баққа бастап баспалдағым, Бағыттан, бар мақсаттан жасқанбағын. Ел бүгін ертеңіне елжіресе, Мен бүгін ала бұлтсыз аспандамын. Тірлікте тәубе дейік барға да әмән, Тура жол нұсқағандай алға заман. Салтанаты санамда салмақталған, Саммитке сансыз сәлем сар даладан! Нағашыбай МҰҚАТОВ. Қостанай.