• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2010

Балалар бір жасап қалды

379 рет
көрсетілді

Облыстық халық шығармашылығы үйінде дүниежүзілік балалар күніне арналған “Барлық әлем мен үшін” онкүндігі аясында өткізілген шаралар қорытындыланды. Онкүндікті өткізуге об­лыстық балалар құқығын қорғау департаменті ұйытқы болды. Осы шара шеңберінде қала мектеп-гимназиялары мен лицейлер оқушы­лары ара­сында “Мен өмір сүріп отырған әлем­де” атты сурет, Тамды және Жайсаң мектеп-ин­тернаттары, №13 Жайсаң кәсіптік лицейі арасында қолданбалы өнерден “Шеберқолдар” көрмелері өткізілді. Сондай-ақ, “Күштілер турнирі” спорттық жарысы ұйымдастырылды. Бұл онкүндік шараларды өткізуге “Забота-Қайы­рым­дылық”, “Бесік” балалар қоры” қоғамдық қорлары және “Нефте­ГазДем” үкіметтік емес зейнетақы қоры Ақтөбе филиалы, “Мега Ақтөбе” ойын-сауық орталығы демеушілік қол­дау көрсетті. Көрмелер мен спорт­тық жарыс жеңімпаздары мен белсенді қатысу­шылар арнаулы дипломдармен және бағалы сый­лық­­тармен марапатталды. Мерекелік шара облыс­тық халық шығармашылығы үйі өнерпаз­дарының концертіне ұласты. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.