• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
04 Желтоқсан, 2010

Бәйтерек тұлға – Елбасы!

1004 рет
көрсетілді

Мәртебе асып, мерейі тасып, бақ қонып, Астана үні әлемге тарап, хатталып – Ойдағы болып, Ақорда толып қонаққа, Қазақтың бағы аспандап әне, жатты анық. Солтүстік мұхит, Тынығы, Үнді, Атлант, Соларға жүрек, ортада кіндік жатып ап – Қазағым бүгін айналды әлем үніне, Достық пен бірлік бал дәмін жұртқа татырад. Жетпіс жыл бойы басқалар келсе жетектеп, Жаулары жүрсе надан деп қазақ, өсектеп – Көш бастап еді – Бәйтерек тұлға Елбасы, Айналды бірден қазағым елге жетекші. Идірді басын Астана бүгін баршаның, Қасиет шырақ – Астана, бүгін әр шамың. Жаратқан Алла, қазақты баста достыққа, Арманы еді бейбіт күн нұрлы қаншаның. Береке, бірлік – кемеңгер басшы, Елбасы, Тұрғанда анық бақыттың бастан таймасы. Қазағым, сенің, мәртебең мынау құт болғай, Кешегі саммит – есейген елдің айнасы! Сайын НАЗАРБЕКҰЛЫ. Ақтау.