• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
04 Желтоқсан, 2010

Омбудсмен институтын жетілдіру жобасы

366 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл Асқар Шә­кіров ЕҚЫҰ Саммитіне қатысу үшін Қа­зақ­станға Дания деле­га­циясының құрамында келген Қазақ­стан Респуб­ликасындағы (сонымен бірге Мәскеу­де резиденциясы бар) Дания Король­дігінің Төтенше және өкілетті елшісі Том Рисдаль Йенсенмен кездесті. Кездесу барысында Дания тара­пы өткен Саммиттің қорытын­дысына жо­ғары баға беріп, қабыл­данған Ас­тана декларациясын ЕҚЫҰ-ның әрі қарай дамуының берік негізі ретінде бағалады. Данияның өкілетті өкілі ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уә­кіл­дің Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орта­лығы және Адам құқық­тары жөнін­дегі Дания институтымен бірлесіп іске асырып жатқан Қазақ­стандағы Омбудсменнің институтын жетілдіру жөніндегі жобасын іске асыру барысын оң бағалады. Тараптар құқық қорғау сала­сын­дағы өзара тиімді ынтымақ­тас­тық­ты жалғастыруға өз қызығу­шы­лықтарын білдірді, деп хабар­лады Адам құқықтары жөніндегі уә­кіл аппаратының баспасөз қызметі.