• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2010

Қазақ тарихындағы тағылымды жиын

410 рет
көрсетілді

Тәуелсіздігімізге қол жет­кізген жиырма жылға таяу уақыт ішінде қазақ то­пырағында мемлекеттігімізді танытқан талай-талай ал­қа­лы жиындар өтті. Солар­дың ішіндегі шоқтығы биік, көтерген мәселесі әлемдік ахуалды қамтыған Еуро­па­дағы қауіпсіздік және ын­ты­мақтастық ұйымының Ас­тана Саммиті деуге бо­лады. Дүние жүзіндегі белді де беделді 56 мем­ле­кет­тің басын біріктіріп отыр­ған бұл ұйымның атқарып келе жатқан жұмысы ұшан-теңіз. Бұған дейінгі төраға болған елдер осындай алқа­лы жиынды таяу жылдары өткізбеген екен. Біздің Отанымыз төр­аға­лық еткен бір жыл ішіндегі тың қадамдар, тыңғы­лық­ты істер Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың дана сая­сатымен жүйеленіп, төрт «Т», яғни сенім, дәстүр, ашық­тық, төзімділік бағыт­тары бойынша жүргізілді. Арқа төсіндегі елордада өткен Астана Саммитін теледидардан көріп, төрткүл дү­ниеде өзіндік орны бар мемлекет және үкімет бас­шы­ларының жаһандану дәуі­ріндегі адамзаттық мәселе­лер­ді бір үстелдің басында оты­рып қозғағанына куә болдық. Бұл тәуелсіз мем­лекетіміздің тағы бір мәр­тебелі ісі болды. Қазақстан Көшбасшы­сы­­ның сөзінде біздің елі­міз­дің еуроатлантикалық және еуразиялық қоғам­дас­тықтың бірегей де бөлін­бейтін қауіп­­сіздігін сақтау жо­лында та­бан­ды жұмыс жүргізіліп жат­қаны, бейбіт және то­ле­рантты өмір сүру жайы, Ас­та­нада Әлемдік және дәс­түрлі діндер ли­дер­лерінің құрылтайы дәс­түр­ге айнала бастағаны ту­ра­лы бай­лам­да­ры бұл біздің Отанымыздың бейбітшіл саясат ұстану­дағы айқын бағыт-бағ­да­рын дәйектеді. Сол секілді баянды тірлікке бақыт­сыз­дық әкелетін ядролық қару­дан бас тарту, экология, оның ішінде Арал мен Семейдің жағдайын жақ­сар­ту, діндердің береке-бірлігін сақтау, дағдарысты бір­лікте жеңу, ЕҚЫҰ-ның рөлін арттыру туралы тол­ғамды пікірлері сен тұр, мен атайын деген мемлекет басшыларымен иықтасып отырып, ой білдіруге жеткенімізді көрсетіп қана қой­мады, ел Елбасы абыройын арттырып, біздің де мерейімізді өсірді. Әсіресе, Нұр­сұлтан Әбішұлының: «Еур­азия жүрегінде, байырғы  қазақ жерінде мыңжыл­дықтар бойы адамзат та­рихын жасаған ұлы халық­тардың үнқатысуы бас­тал­ды», деген сөзі әрбір азамат­тың жүрегін тербемей тұра алмаса керек. Бұл жүздеген этностың басын біріктірген қазақ халқының іргелі мемлекет құра ал­ға­нын көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, бұл сам­мит қазақ тарихына ал­тын әріппен жазылары анық. Өтеміс МЫРЗАҒАЛИЕВ, Тасқала ауданының әкімі. Батыс Қазақстан облысы.