• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2010

Кәсіподақтар еңбекші мүддесін көздейді

411 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерация­сы­ның күндері өтті. Оған аталған Феде­ра­ция­ның төрағасы Сиязбек Мұқашев бастаған салалық республикалық кәсіподақтар өкіл­дері мен мүшелерінен құралған топ қатысты. Кәсіподақтар күні шеңберінде делегация өкілдері облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Нұржан Түсіповпен және облыс­тық кәсіподақтар кеңесі жетекшілерімен бірлесіп, Семей, Өскемен қалалары мен об­лыстың ауылдық өңірлеріндегі 20-ға тарта кәсіпорынды және мекемелерді аралап көр­ді. Жұмысшылармен кездесулер кезінде және кәсіподақтар жиындарының барысын­да Кәсіподақтар федерациясы XXII съезінің нәтижелері мен қорытындылары, 2010-1015 жылдар аралығын көздейтін кәсіподақтар қызметінің стратегиясы, қазіргі таңда кә­сіподақтарды айрықша мазалап тұрған ең­бек қатынастарында кездесетін өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, сапар барысында оған қа­ты­су­шылар кәсіподақтары жоқ еңбек ұжым­дарында болып, олардағы жұмысшылар қауымын өздерінің қатарларына қосылуға шақырып, үндеу жүргізді. Ұйымдастырылған маңызды жиындар­дың бірі облыс орталығында өтті. «Кәсіп­одақтардың басты міндеттерінің бірі ұйым біртұтастығын нығайту мен жаңғырту» та­қырыбында өткен дөңгелек үстелде азамат­тық қоғам дамуының қазіргі жағдайында кәсіподақтардың рөлін арттыру, жұмысшы­лардың әлеуметтік - экономикалық құқығын тимді қорғау мақсатында кәсіподақтар құрылымдарының өзара ықпалдасуын жүйе­леу, кәсіподақтардың кадрлық саясаты, кәсіподақ бірлестіктерінің ұйымдас­тыру­шы­лық - қаржылық тетігін нығайту жолдары әңгіме өзегіне айналды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Кәсіподақ федерациясы күндеріне келген қатысушылармен кездесті. «Егемен-ақпарат».