• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2010

Маңызды мәселелер сөз болды

370 рет
көрсетілді

Кеше  Премьер-Министр Кә­рім Мәсімов Түрік Респуб­ли­ка­сының Төтенше және өкілетті ел­шісі Лале Улкермен кездесті, деп хабарлады Премьер-Ми­нистрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында страте­гия­лық серіктестік жөніндегі екі­жақты шартты іске асыру ая­сын­да қа­зақстан-түрік сауда-эко­номикалық қа­рым-қатынасын одан әрі дамыту жөніндегі кең ауқымды мәселелер талқыланды. *  *  * Түстен кейін Премьер-Министр К.Мәсімов үлескерлік құ­рылыстың проблемалық мәсе­ле­лерін шешу жөніндегі Бірың­ғай үйлестіру ке­ңе­сінің кезекті отырысын өткізді. Отырыста үлескерлер қатыса­тын тұрғын үй құрылысының ны­сан­дарын аяқтау, өз істеріне жауап­сыз қарайтын құрылыс са­лу­шы­лардың активтерін қайтару, олар­дың іс-әрекетінен үлескер­лерге кел­тірілген шығындарды өндіру мәселелері тал­қыланды. К.Мәсімов құрылыс салу­шы­лар­дың шетелге заң­сыз шыға­рған капитал мен мүлікті қайтару жө­ніндегі мемлекеттік органдардың бірлескен іс-әрекет жоспарын іске асыру жө­ніндегі жұмыстарды жал­ғастыруды тапсырды.