• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2010

Саммитке қатысушылар лебізі

373 рет
көрсетілді

Алексей ВЛАСОВ, Л.М.Ломоносов атындағы  ММУ-дің посткеңестік кеңістік үдерістерін талдау орталығының директоры: – Бір жылдағы төрағалық барысында Ұйым алдында тұрған  барлық кешенді мә­се­ле­лерді шешу мүмкін еместігі түсінікті. Дегенмен, Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-ға төра­ға­лы­ғын­да Ұйымды реформалаудың іргетасын қа­лауға қол жеткізді. Осыған сәйкес біз жақын болашақта Еуропадағы қауіпсіздік жүйесін дамытуымыз керек. Астана Саммиті ұйымдастырушылық және техникалық қамтылуы жағынан аса жо­ғары деңгейде өтті. Бұл ЕҚЫҰ төраға­лы­ғын аяқтау барысындағы Қазақстанның сая­саттағы үлкен жетістігі болып табылады. Он бір жыл  ішінде алғаш рет Ұйымға қаты­сушы елдер басшыларының басын қосқан Астана Саммиті ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық дең­гей­дегі ірі саяси тұлға екендігін көрсетіп берді. * * * Босцан ЛАСОВИЧ, Словения Республикасының өкілі: – Мен Қазақстанда алғаш рет болып отыр­мын. Осынау тамаша  елдің қонақ­жайлығы, әсіресе, Астананың көрінісі мені ерекше таң­қалдырды. Бұл – қазіргі заманның озық үлгісін көрсететін қала. Мен осында келмес бұрын, Астананың осындай қала екендігін ойламаған едім. Қаланың өзгеше архитектурасы, бір-бірін қайталамайтын биік ғимараттары шынында да ғажап екен. Ұйымның Саммитін ойдағыдай өт­кізген және оны керемет ұйымдастыра біл­ген Қазақстан басшылығына алғыс айтамын. * * * Чарльз ван ДЕР ЛЕУ, International Gerald Tribune тілшісі: – Қазақстан Республикасы Саммитке жоғары деңгейде дайындалған. Кәсіби журналист ретінде айтарым, Саммит жұмы­сының ұйымдастырылуында мін жоқ. Мен халықаралық деңгейде өткен жиындардың көп­шілігіне қатысып жүрмін, оларды ұйым­дас­тыруда бірқатар кемшіліктер кездескенін де білемін. Ал Астана Саммитінде ондай қа­те­ліктер мен кемшіліктерге жол берілмеді. * * * Тонино ПИКУЛА, Хорватия делегациясының өкілі: – Астанаға осымен үшінші мәрте келіп отырмын. Бұл қала осындай кең ауқымдағы іс-шаралар өткізу үшін ең лай­ықты орын екендігіне көзіміз жетті. Ал Астана Саммиті бұдан 35 жыл бұрын Хельсинкиде қабылданған міндет­те­ме­лердің орындалатындығын тағы бір дәлелдеп берді. * * * Мартин СИФ, АҚШ журналисі: – Саммит Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қо­ғам­дастық үшін де аса маңызды. Мұндай ірі халықаралық жи­ын 11 жылдан бері өтпеген еді. Ол енді әлемде қауіп­сіз­дік жүйесін құру қажеттігі туындаған кезде өтіп отыр. Ал бельгиялық журналист, бұрынғы африкалық Оливия Ру­тазибва өз өмірінде ақ қарды алғаш рет Астанада кө­ріп, шыңылтыр аязбен алғаш рет бетпе-бет келіпті. Оның ай­ту­ын­ша, мұнда шынайы достық аура қалыптасқан. Барлық жа­ғынан қамтамасыз етілген ауқымды баспасөз орта­лығында ол өзін үйінде жүргендей еркін сезініпті. * * * Оливия РУТАЗИБВА, Бельгия журналисі: – Терезе сыртында қыс, далада аппақ қар. Бірақ баспасөз орталығы өте ыстық. Бізді, сондай-ақ қазақстандықтардың қонақжайлығы тағы да жылытып отырды.