• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2010

Телефон арқылы сөйлесті

437 рет
көрсетілді

16 желтоқсанда Америка тарабының бастамасы бойынша Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі орынбасары Роберт Блейкпен телефон арқылы сөйлесуі болды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. АҚШ өкілі Қ.Саудабаевты және барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Америкалық дипломат, АҚШ басшылығының тапсырмасы бой­ынша, президент Б.Обаманың АҚШ-тың Ауғанстан және Пәкс­тан бойынша жаңартылған стра­те­гиясына сәйкес жасайтын алда­ғы мәлімдемесінде Қазақстан стра­тегиялық әріптестердің бірі болып табылатынынан хабардар етті. Ауғанстандағы жағдай ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінде басты тақырыптардың бірі бол­ға­ны белгілі. Р.Блейк ЕҚЫҰ Саммитін тамаша ұйымдастырып, табысты өткізгені үшін риза­шы­лығын білдіре келіп, Қазақстан мен оның Көшбасшысын Ауған­стандағы жағ­дайды тұрақтан­дыру бой­ын­ша халықаралық күш-жігерге қол­дау көрсеткені үшін алғыс айтты. Оның ішінде, Қазақ­стан­ның ауған студенттерін оқытуға көмегі, сондай-ақ елі­міздің Ау­ған­стандағы қауіп­сіз­дікке ықпал ету жөніндегі ха­лықаралық күш­тер қызметіне үле­сі ерекше аталды. Қ.Саудабаев өз кезегінде Ау­ғанстанды әлеуметтік-эконо­ми­калық оңалту бойынша күш-жі­гер­ді бірте-бірте және дәйектілікпен ұлғайту қажеттігін атап көрсетіп, стратегияның әске­ри және азамат­тық құрам­дас­тарын қатар іргелі жылжытудың маңыздылығына екпін түсірді. Ол сондай-ақ Америка жағына Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға­лығына және, әсіресе, Астана Саммитін өткізуге қолдау көр­сет­кені үшін үлкен ризашылығын білдірді. Үсті­міздегі жылы, атап айт­қанда, сәуір айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Ва­шин­гтонға, ал желтоқсан айында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтонның Астанаға сапарлары болды. Оларда екі мемлекет бас­шыларының кездесуін ұйым­дастыру қажеттігі атап көрсе­тіліп, кездесудің Қазақстан-Аме­рика стратегиялық әріптестігін дамытуға жаңа серпін қосатыны мәлімделген еді.