Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындарына дайындық шаралары және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Азиада нысандарын пайдалануға беру, жарысқа қатысушылар мен қонақтарға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, допинг-бақылауды іске асыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ Азия ойындарын өткізуге жалпы дайындықтың барысы талқыланды.
Ұйымдастыру комитеті отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.