АСТАНА. 4 қаңтар.Каспий теңізінің Дағыстан жағалауында қайықтары суға батып кеткен балықшылар құтқарылды. Бұл туралы осы елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған 24.kz хабарлады.
Хабарламада, бүгін таңертең 8 балықшы мінген қос қайық Крайновка елді мекенінен 6 шақырым жерде апатқа ұшырағаны айтылған.
Іздестіру операциясына 2 тікұшақ, 6 техника мен 31 адам жұмылдырылды. Дәрігерлердің айтуынша, құтқарылған балықшылардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі таңда барлық зардап шегушілер дәрігерлердің жіті бақылауында.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: 24.kz.