• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2016

2015 жылы қауіпті аймақтарда 135 журналист қаза тапты

276 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 қаңтар. 2015 жылы қауіпті аймақтарда жүрген 135 журналист содырлар қолынан қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Press Emblem Campaign жасаған тізімде журналистика мамандары үшін ең қауіпті аймақ – Сирия елі. Бұл маңайда өткен жылы 13 тілші мерт болған. Тізімді әрі қарай Ирак пен Мексика жалғастырып тұр. Мәлімет бойынша, бұл елдерде өткен жылы 10 журналистен қаза тапқан. Сондай-ақ, Францияда Charlie Hebdo басылымына шабуыл жасалғалы бері 9 тілші көз жұмған. Ал Бразилия, Ливия және Филиппинде – 8, Гондураста – 5 одан бөлек, Украина мен Колумбияда 4 тілшіден қаза тапқан. 2006 жылдан бері Press Emblem Campaign жыл сайын қызмет барысында мерт болған журналистер тізімін жариялап тұрады. Олардың айтуынша, аталған жылдан бүгінге дейін БАҚ өкілдерінің 1 мың 184 қызметкері көз жұмған. Яғни, әр жыл сайын 118 тілші қаза табады деген қорытындыға келеді. Алайда, РЕС соңғы төрт жыл ішінде бұл көрсеткіш 136-ға жеткенін айтты. Ал желтоқсанның 14 күні берген мәліметтерін қайта өзгертулеріне тура келді. Себебі, 31 желтоқсанға дейін 7 бірдей тілші қауіпті аймақта мерт болып, 2015 жылы қаза тапқандар саны 135 адамға жеткен. Биыл бұл көрсеткіш бұдан да артуы мүмкін деген болжам бар. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.